Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқушылар оқулықтағы алдыңғы екі бағандағы №3 тапсырманы орындайды және екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу алгоритмдеріне сәйкес есептейді.
Өздік жұмыс
Оқушылар оқулықтағы №3 тапсырманың қалған екі бағандағы тапсырманы орындайды және екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу алгоритмдеріне сәйкес есептейді.
Жаңаны қолдану.
Оқушылар оқулықтан 4а) тапсырманы орындайды, бұл жанама есеп екеніне мән беріп, есепті 2 амалмен орындайды, жанама есеп қандай болатынын оқушылар түсіндіреді.
Егер есептің шарты жанама түрде берілсе, жанама түрде жазылған мәтіндік тапсырманы қысқаша жазбаға дұрыс аудару маңызды.
Бұл үшін, алдымен, есеп шартының қысқа жазбасын құрудан бұрын, оқушылар бірінші амалда үлкен немесе кіші санды табу керек екенін анықтайды. «Не» сөзі мектеп оқушыларын меңзейді, яғни оқушылар саны үлкендерден үш есе көп. Яғни, үлкендердің саны мектеп оқушыларының санынан 3 есе артық, ал бұл алдымен аз санды табу керек деген сөз. Аз санды табу керек екеніне тоқталып, оқушылар есеп шартының қысқаша жазбасын жасайды, есепті екі амалмен шығарады, есепке өрнек құрады, жауабын жазып отырады.
Оқулықтағы №4ә) тапсырманы жұппен орындайды, қысқаша жазбаны сұрақпен толықтырады, есепті шығарады.Әр жұп жұмыс түрін таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |