Өздік жұмыс
Оқулықтағы №2 тапсырма бойынша оқушылар бөлудің жазбаша амалын қолдана отырып, баған түрінде жазбаша бөлу амалын орындайды.
Оқушылар №3-тапсырмада амалдарды орындау ретін сақтай отырып, өрнектің мәнін табады, бұл тапсырманы алгоритміне сәйкес орындайды.
Қиындықты шешу
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
–Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?
(Қатемен жұмыс).
– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы бағалау критерийі бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.
Мен:
Разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндіру;
Разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін қолдану;
Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу ретін сақтауды білемін.
|