дұрыс пирамида деп аталады.
Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.
Дұрыс пирамиданың:
-
бүйір қырлары тең
-
бүйір жақтары тең
-
апофемалары тең
-
табанындағы екіжақты бұрыштарытең
-
бүйір қырларындағы екіжақты бұрыштары тең.
Пирамиданың бүйір бетінің ауданы депоның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысын айтады.
Пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табаны периметрінің жартысын пирамиданың апофемасына көбейткенге тең:
Толық бетінің ауданы оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең.
ST6= S66+Smа6
Қиық пирамида
Пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындагы бөлігі қиық пирамида деп аталады.
Қиық пирамиданың төменгі және жоғарғы екі табаны бар.
Қиық пирамиданың бүйір жақтары — трапециялар, ал оның бүйір кырлары — осы трапециялардың бүйір қабырғалары.
Бір табанының кез келген нүктесінен екінші табан жазықтыгына түсірілген перпендикуляр
Достарыңызбен бөлісу: |