Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:
11-сабақ. Құрастыру
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көпір түрлері. Жаяу жүргіншілерге арналған көпір. Машина жүретін көпір.
Мақсаты: балалардың көліктер жайлы түсініктерін кеңейту; құрастыру материалдарын пайдаланып, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту; көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйреу; бір-бірімен келісуге, көмектесуге, құрылысты өз ойларынан толықтыруға жаттықтыру.
Көрнекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдары, көпірдің үлгі суреттері, машиналар, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: құрастыру материалдарын орынды қолдануға дағдыландыру; диалог түріндегі әңгіме, ойын іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жақын маңайдағы адам немесе көлік өтетін көпірге мақсатты серуен ұйымдастыру; көлік түрлері жайында, жол ережесі туралы әңгімелесу.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушылық-оятушылық
|
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
|
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
|
Ұйымдасушылық-ізденушілік
|
.
Педагог балаларға қолындағы жеделхатын көрсетіп: «Балалар, бізге құрылысшылар жеделхат жіберіпті. Қазір мен сендерге не жазғанын оқып берейін. Бізді жаяу жүргіншілер жүретін көпірді жасауға көмектесуді өтініпті. Біз құрылысшыларға барамыз ба, балалар? Ал барар болсақ, немен барсақ екен?»
Балалар: Автобуспен.
Педагог: Ендеше, қане, барлығымыз қатарға тұра қалайық та, аялдамаға барайық. Міне, балалар, біздің автобусымыз да келіп қапты. Жайғасайық.
Жүргізуші: Келесі аялдама- Жандосов көшесі.
Автобус аялдамаға тоқтайды. Сол кезде автобусқа әже мінеді де, бір балалның жанына келіп тұрады. Бала тұрып, орын береді.
Әже, Мына жерге отырыңыз.
Әже ақ ниетін білдіреді: «Көсегең көгерсін, үлкен жігіт бол!»- деп, батасын береді.
Жүргізуші: Келесі аялдама- дәріхана.
Әже: «Балам, орныңа отыра ғой. Мен қазір түсемін. Саған көп-көп рахмет!»- деп түсіп кетеді.
Педагог: Балалар, Алмас не істеді?
Балалар: Әжеге орын берді.
Педагог: Алмас қандай бала деп ойлайсыңдар?
Балалар: Әдепті.
Педагог: Әдептілік туралы қандай тақпақ білесіңдер:
Балалар:
Біз әдепті баламыз, Автобусқа мінеміз
Үлкенге орын береміз. Қолтығынан демеп біз.
Кейбіреуше көрмеген боп Біз- әдепті баламыз,
Бермеуді ұят көреміз. Әңгімеге қызбаймыз.
Біз- әдепті баламыз, Атамыз бен әжеміздің
Үлкенге көмек береміз. Сөзін жөнсіз бұзбаймыз.
Педагог: Міне, сендер қандай жақсы баласыңдар.
Жүргізуші: Құрылысшылар аялдамасы.
Балалар автобустан түсуге дайындалады. Жолдан өту керек. Балалар тоқтап қалады.
Педагог: Балалар, біз неге тоқтап қалдық?
Балалар: Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр. Біз жасыл көзі жанғанда жолдан жүреміз.
Педагог: Бағдаршамның жасыл көзі жанғанша кім маған тақпақ айтып береді.
Бас көшеде қырағы Қызыл көзін ашқанда,
Үш дәу тұрады. Сынық сүйем баспа алға.
Ашса кезек үш көзін Сары көзін ашқанда,
Айтты деп біл үш сөзін. Қарап қалма аспанға.
Тоқта, сақтан, жол ашық, Жасыл көзін ашқанда,
Жүрме жолға таласып. Өте бергін жасқанба.
Жасыл жанады. Балалар жолдан өтеді. Құрылысшы ағайға келеді.Амандасады. Ағай өзінің шақырған себебін айтып түсіндіреді.
Құрылысшы: Балалар, мына заттардан көпір құрастырып жасауымыз керек. Қане, сендер көмектессеесіңдер ме ?
Балалар: Көмектесеміз.
Құрылысшының рөлін педагог өзі орындайды. Балалар тақпақ айтып болған соң, құрылысшының баскиімін, алжапқышын киіп келеді.
Педагог: Ал енді, көпір құрастыру үшін не істейміз?
Әртүрлі көпірлердің суреттерін көрсетеді, үлгі суретке талдау жасайды (әліппе-дәптердегі). Балалар дәптерге мұқият қарап, көпірді қалай құрастыру қажеттігін ойланады. Жаяу адам жүретін көпір мен көлік өтетін көпірді салыстырып көреді, айырмашылығына назар аударады. Көпірдің бөліктерін атайды: тіректері, жүретін бөліктері, сүйеніштері, төмен түсетін ылдиы (екі көпірде әртүрлі пішінде: біреуі- басқыштармен, біреуі- тегіс). Алдымен көпірдің тіреулері, содан соң баоның үстіңгі бөлігі, төмен түсетін ылдилары, сүйеніштері, т.б. жасалады. Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып, астынан машиналар ары-бері өтетіндкей көпірді құрастырып көрсетеді. Балалардан көпірді құрастыру реті сұралады. Балалар іс-әрекетке кіріседі. Әр бала көпір құрастырғанда өздерінің машиналары өтетіндей етіп, көпірдің ені мен ұзындығын дұрыс құрастыруына бағыт беріледі.
Дайын болған құрылысты талдау кезінде тек тапсырманы орындау ғана емес, құрылыстың басқа түрін ойластырған балалардың жұмыстары көрсетілген.
|
|
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:
12- сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қажетсіз заттармен жұмыс.
Ойыншықтар әлемі.
Мақсаты: балаларды әртүрлі «қалдық заттарды» пайдаға асыра білуге үйрету; йогурттың босаған құтыларынан, пластмасса ыдыстардан алуан түрлі ойыншықтап жасай білу; жасаған ойыншықтарын түрлі түсті қағаз, маркер, ермексазды пайдаланып безендіре білуге үйрету; алға қойған мақсатына жетуге, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: үлгі суреттерді қарау, талдау, әңгімелеу; орындалу ретін түсіндіру, көрсету, ойнау.
Қажетті құралдар мен материалдар: йогурттан босаған құтылар, пластмасса бөтелкелер, сым темір, түтікшелер, баулар, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қылқалам, сулық, маркер, фломастер, ермексаз, қайшы , біз, әліппе-дәптер.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушылық-оятушылық
|
1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.
Кел,балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Қадірлі боп жүрейік!
|
Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.
|
Ұйымдасушылық-ізденушілік
|
Дидактикалық материалдар мен әліппе-дәптердегі бос пластмасса ыдыстар, йогурт құтылары, т.б. қалдық заттардан жасалған үлгі суреттерді көрсетіп, педагог әңгіме жүргізеді. Неден жасалған, қандай екеніне мән береді. Балаларға өздеріне ұнаған үлгі суретті таңдау ұсынылады және сол затты немесе өз ойынан басқа затты жасауға болатынын айтады. Үстел үстіндегі алдын ала дайындалған заттардан балалар өздерінің жасайтын бұйымына қажеттісін таңдап алады. Педагог біз, қайшымен жұмыс жасауда өте ұқыптылық қажет екенін, олардың бұйымдарды тесу, кесу кезінде қолданылатындығын және қауіпсіздік ережесін еске түсіреді. Тесу, кесу жұмыстарын педагогтың өзі орындайтынын ескертеді. Үлгілерге талдау жасалады, орындалу реті түсіндіріледі.
Сиыр.Сиырдың денесі үшін сары немесе қоңыр түсті пластмасса бөтелкені пайдалануға болады. Сары қағаздан үлгіде көрсетілгендей басын қиып алу керек. Сәйкес түске ұсақ бөлшектері де қиып алынады. Сиырдың басын денесіне жапсырады. Тіктөртбұрышты қағаздың жапсыруға арналған шетін бірдей бөліктерге бөліп, қиып алғаннан кейін, цилиндр пішінде орайды. Шетін желімдеп бекітеді. Осындай цилиндр пішінді 4 аяқ жасалады. Аяқтарды денесіне желіммен жапсырады. Қара түсті қағаздан дақтарын қиып алып, жапсырады. Жасыл түсті қатырмақағаз бетіне шалғынға ұқсау үшін әртүрлі гүлдерді жапсырады. Шалғынның үстіне сиырды орналастырады.
Мысық. Йргурттан босаған құтыға мысықтың көзінің, тұмсығының, аузының, мұртының суретін салады. Түрлі түсті қағаздан қиып алып, жапсыруға да болады. Құлағын орнататын орынды өлшемін сәйкестендіріп кеседі. Қағаздан қиып алынған құлақты осы тесікке кигізеді. Бұл құтыны екінші құтыға желімдеу кезінде қолы мен құйрығын арасына бірге желімдеп жібереді. Қатырмақағаз бетіне жасыл шалғын мен көлді бейнелеп, мысықты қолына қармақ ұстатса, балықшы мысық болып шыға келеді.
Бақа. Жасыл қатырмақағаздан басы мен тқрт аяғын қиып алады. Басына сәйкес түстегі қағаздардан көзі, аузы, мұрны қиып алынып, жапсырылады. Фломастермен салуға да болады. Үлкендердің көмегіиен йрогурттың құтысына бізбен төрт тесік салады да, оған табандары жапсырылған иілген сымдарды енгізеді. Сары қағаздан құрсағын қиып, оны құтыға жапсырады. Басын құтының түбіне салынған тілікке кигізеді. Түйме мен моншақтарды жіпке тізіп, қасына инелік жасап қоюға болады.
|
|
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
|
Бұйымдарды жасап болғаннан кейін, балалар бір-бірінің жұмысын өздері бағалайды. Сабақ соңында балалар өздерінің жасаған бұйымдарына арнап, тақпақтар құрастырады немесе жатқа білетін өлеңдерін, жұмбақтарын айтады.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:
13- сабақ. Құрастыру
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көпір түрлері. Теміржол үстінен
және өзен үстінен өтетін көпірлер.
Мақсаты: әртүрлі көпірлер құрастыру дағдыларын бекіту; мазмұнды ашуға қажетті құрастыру материалдарын өз бетінше таңдап алуға үйрету; бірігіп жоспарлау, жұмыс істеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері: үлгіні талдау, әңгімелесу, жұмбақтар шешу.
Қажетті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдарының жинағы, ойыншық кемелер, пойыздар, машиналар, вагондар, рельс, көк, сұр түсті ені әртүрлі қағаз жолақтары, ойншық адам денелері, әліппе-дәптер.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушылық-оятушылық
|
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
|
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
|
Ұйымдасушылық-ізденушілік
|
Педагог көпір туралы жұмбақ шешкізуіне болады. Содан соң көпірдің түрлері, олардың не үшін тұрғызылатыны туралы әңгіме жүргізіледі (Дидактикалық материалдар). Алдыңғы сабақта жүргіншілер үшін жасаған көпірдің ерекшеліктерін естеріне түсіреді. Тағы қандай көпір түрлері болатыны әңгіме барысында анықталады. Балалар пайдаланылуына қарай құрылысы әртүрлі көпірлер болатындығы туралы қорытынды жасайды. Қалалардағы әр түрлі үлкен көпірлердің суретін көрсетеді. Көпірлердің жолда жүруді жеңілдететіне, жол ережесін көмектесетініне көздерін жеткізеді. Теміржол, өзендер, жол қиылыстарына салынатын ұзындығы әртүрлі көпірлермен таныстырады. Кейбір көпірдің астында да, үстінде де машиналар ерсілі-қарсылы жүріп жатады. Бұл жүргізушілердің уақытын үнемдейтінін байқату керек.
Педагог қолдарындағы құрастыру материалдарына назар аударуды сұрайды. Әліппе-дәптердегі көпірдің үлгісіне қарай отырып, балалар алдыңғы сабақта жасаған көпірден қандай айырмашылығы бар екенін және осы айырмашылықтарын ескере отырып, қандай бөлшектерді таңдау керек екенін айта алуы тиіс. Өзен үстіне салынатын көпірдің үстінен екі қатар машина сыятындай және жаяу адам жүретіндей белгілі бір кеңдікте болуы керек. Ал көпір кеме, пароход сыятындай биіктікте жасалады. Теміржол үстіне салынатын көпірдің кеңдігі екі бағыттағы машина және жүргінші сыятындай болу керек. Ал көпірдің астынан пойыз жүретін жолдың рельсі салынады.ъ
Балалар шағын топтарға бөлініп, әр топ өздері қалаған көпір түрін (өзеннің, теміржолдың үстінен өтетін) құрастырады. Тапсырманы орындау барысында педагог балалардың іс-әрекетін, шартын бір-бірімен қалай талқылағанын байқайды (мысалы, көпірдің ұзындығын өзеннің енімен сәйкес өлшеу, көпірдің астынан тіреулер қойды ма, т.б.).
|
|
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
|
Дайын құрылыстың орындалуын талқылай келе, балалар конструктор жинағының құрастыру бөлшектерінен әртүрлі шартқа сәйкес құылыстар жасауға болатынына, әртүрліліге назарларын аударады. Жұмыстты топта бірдесіп істей алуға дағдыланған балаларды атап өтеді.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:
14-сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Жануарлар
бейнесіндегі мерекелік маскалар.
Мақсаты: балаларды қағазбен жұмыс жасауға, сызық бойымен дұрыс қиюға, ұқыпты желімдеуге үйрету; шығармашылығын, белсенділігін арттыру; тиісті нәтижелерге қол жеткізіп, еңбек етуге ынталандыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: түрлі түсті қағаздар, желім, қарындаш, қайшы, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: ойын түріндегі жағдаят- Аязатаның шеберханасын ашу; жанажылдық костюм үлгілерін қарастыру; әңгімелесу; үлгіні талдау және жұмыстың орындалу ретін көрсету.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:
Әр түрлі Жаңа жыл мерекесіне киетін жануарлар бейнесін бейнелейтін маскалардың қалай жасалғанын қарап, көрі;
Әр баланың қандай маска жасағысы келетінін сұрау, таңдауға ерік беру;
Олардың жасалу жолдарын түсіндіру, үлгілермен жұмыс жасау (трафарет, шаблондар).
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушылық-оятушылық
|
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
|
Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.
|
Ұйымдасушылық-ізденушілік
|
.
Психологиялық тренинг өткізу.
Педагог Жаңа жыл мерекесі жақындауына орай балалар ән салып, би билеп, сыйлықтарға ие болатын, әртүрлі костюмдер киетін Аязата шеберханасы ашылатынын хабарлайды.
Жаңажылдық маскаларды қарап көрі, қалай жасалғанына көңіл бөлу. Әліппе-дәптердегі үлгі сурттерге талдау жасау.
Қандай жануарлардың бейнесін жасайтынын таңдап алғаннан соң, жұқа қатырмақағазоның басының нобайын сызып алады. Көз, мұрын, ауыз сияқтықажетті ұсақ бөлшектерді дайындайды. Қатырмақағаздан шапка үшін жолақтар қиып алады. Жолақтардың бірін басына орап, өлшемін алады да, желімдейтін жерді белгілейді. Келесі екі жолақты бір-біріне айқастырып желімдеп, биіктігін анықтап, негізгі жолаққа (шеңберге) желімдейді. Содан соң жануарды басының бейнесін қиып алып, оған ұсақ бөлшектерін желімдейді. Дайын бейне басқа киетін бөлігіне желімденеді.
Жұмыс аяқталған соң, балалар өздері жасаған жануарлардың бейнесін киеді. Педагог «Кім екенін тап?» ойынын ойнауды ұсынады. Балалар сөзбен сипатталған жануардың атын тауып, атайды: қоян, аю, түлкі және т.б. немесе қол ұстасып, дөңгелене балалардың қалаған әнін айтқызумен аяқтайды (Жаңа жыл мерекесіне дайындық ретінде).
Аю, бақа, мысықтың бейнелерін жасау үшін алдымен түрлі түсті қатырмақағаздан жолақтар дайындап алып, оны бастарына өлшеп, лента байлайтын орынды белгілеп алады. Содан кейін үлгі бойынша аузы, тұмсығы, көзі, құлағы, т.б. жеке қиып алып, оны жолақ қағазға желімдейді.
Сабақ соңында өздерінің жасағанеңбектерін бағалайды.
|
|
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:
15- сабақ. Құрастыру
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй құрастыру.
Мақсаты: үйдің құрылысы туралы түсініктерін қалыптастыру; берік құрылыс жасауға, әртүрлі үйдің жабындарын жасай алуға, қажетті бөлшектерді дұрыс таңдай алуға, үлгіге талдау жасай білуге үйрету; құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар: әр балаға жеке құрастыру материалдарының жинағы, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: құрылыс материалдарымен жұмыс жүргізу барысын түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жаңадан салынып жатқан құрылыс орындарына саяхат; сәулет өнерінің ерекшелігі жайында әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгімелету.
Билингвальдық компоненттер:
Әрекеттердің кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушылық-оятушылық
|
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
|
Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.
|
Ұйымдасушылық-ізденушілік
|
Педагог алдын ала балаларды қала, ауыл көшелеріне мақсатты серуенге немесе саяхатқа апарып, сабақ басталғанда серуенде көргендері жайлы әңгімелетеді. Балалар өз үйлері неше қабат, олардың ерекшелігі жайында әңгімелеп береді. Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасалады. Педагог үйдің әрбір бөліктеріне мұқият қарауды, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануды тапсырады. Бір немесе көп қабатты үйлер құрастыруға болатындығы, олардың бір-бірінен ерекшелігі айтылады. «Үйлер үлкен, кіші, биік аласа болады, бірақ барлық үйдің іргетасы, қабырғасы, шатыры, терезесі, есігі болады» деген қорытындыны балалар жасай алуы тиіс.
Әліппе-дәптердегі бір қабатты үйдің үлгісіне талдау жасалады. Балалардың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Балалар берілген тапсырманың орындалу барысын, ретін толық түсінген соң, құрылысты тұрғызуға кіріседі. Әр бала үйлерді өздеріндегі құрылыс материалдарына сәйкес әртүрлі тұрғызуы мүмкін. Үй тұрғызуда қиындық кездессе, кейбір балаларға нұсқау беріледі. Тапсырманы орындау барысында балалардың тек қна құрылысты жасау техникасы ғана емес (еденін төсеу, қабырғаларын тұрғызу, пластиналарды қою, т.б.) ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, бір-бірімен келісіп жасады ма, өздігінен шығармашылыұпен не қосты- бәрі ескеріледі. Бой сергіту сәті өткізіледі. Құрылыс жұмысы аяқтала бастағанда, балалар кімнің тұрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады, өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Балалар төмендегі жаңылтпашты жатқа жаңылмай айтады.
Үйде ойыншық үлегім,
Үлегіме үремін.
Үремін де, үнемі
Үйіме пмен кіремін.
|
|
Өзін-өзі бағалау-түзету
(Рефлекстік -коррекциялық)
|
Аяқталған жұмыстарға талдауды болашақ тұрғындардың атынан балалар өздері айтады(берік іргетас, мықты қабырға, әдемі шатыр,ыңғайлы кіреберіс,терезе, есік,т.б.)
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Болу керек:
Үйрену керек:
16-сабақ. Қол еңбегі
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қағазбен жұмыс.
Шырша ойыншықтары.
Мақсаты: балалардың шырша шырақтарын қағаздан жасау дағдыларын қалыптастыру; қиылған дайын трафарет, шаблондар бойынша қажетті пішіндерді қиып, бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру; шырша шырақтарын әдемілеп, ұқыпты жасауға, өз орындарын таза ұстап, жұмыстан кейін жинап қоюға дағдыландыру.ъ
Керекті құралдар мен материалдар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, сүлгі, үлгі ойыншықтар, трафареттер мен шаблондар, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілдер: қағазбен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіру. Қию, желімдеу іскерліктеріне машықтандыруда қайшымен жұмыс жасауды мұқият қадағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |