Мотивациялық-оятушылық:
Сабақ сәлемдесуден басталады.
Психологиялық сәт:
Сәлеметсің бе,оң қолым!
Сәлеметсің бе,сол қолым!
Сәлем,досым!
Сәлеметсіңдер ме,достарым!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
Балалар,орындарыңа жайғасып,менің айтқанымды тыңдаңдар. Біз бүгін «Білім еліне» саяхатқа шығамыз. Онда бізді «Білім ханшайымы» қарсы алып,сыйлық береді.Бірақ «Білім еліне» тек қана ақылды,білімді, қазақша тілін білетін балалар бара алады. Біздің алдымыздан кедергілер кездеседі,тапсырмаларды орындау арқылы ғана олардан өте аламыз. Қорықпайсыңдар ма?Барамыз ба?
«Білім еліне» саяхат:
1.Балалар біздің алдымызда өзен жатыр.Өзеннен өту үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
Ойын: «Дұрыс ата». Тақтаға ілінген суреттерді аттарын қазақша қатесіз атап шығу керек. (Лентаны қияды,өзен жоқ болып кеттеді).
2.Балалар көзімізді жұмайық... Қараңғы болып кетті.Неге екенін білесіңдер ме?Күнді бұлттар қаптап алған.Егер біз күнді бұлттардан құтқарсақ,ол бізге жол көрсетеді.
Көмектесеміз бе?Ол үшін бұлттарды ашып,берілген сұрақтарға жауап береміз.
Сұрақтар:
1.Сенің атың кім?
2.Сен неше жастасың?
3.Сен қайда барып жүрсің?
4.Қазір жылдың қай мезгілі?
5.Бүгін аптаның қай күні?
6.Біз қайда тұрамыз?
7.Отбасы мүшелерін ата.
3.Балалар қараңдаршы, алдымызда не пайда болды?
Дұрыс,орман. Енді орманнан қалай өтеміз?Орманда нелер тұрады?
Дұрыс,жануарлар.Жануарлар екіге бөлінеді:үй жануарлары мен жабайы жануарлар.Ал сендер оларды ажырата аласыңдар ма?Қазір байқаймыз.
Ойын: «Қайсы артық?»
(Слайдта жануарлардың суреттері бейнеленген.Артықты табады.)
Мысалы:аю,қасқыр,түлкі,тиын,сиыр.
|
Балалар шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап,ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар орындарына отырады.
Балалар мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап,саяхатқа баруға келіседі.
Балалар келе жатқанда алдарына байлаулы лента,өзен кездеседі,олар тоқтап қалады.
Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.Тақтаға ілінген суреттердің атын атайды.
Лентаны қияды,саяхатты жалғастырады.
Балалар бұлттарды ашып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Күнді бұлттардан құтқарады,күн оларға алғыс айтып, жол көрсетеді. Балалар лентаны қиып,ары қарай жүреді.
Орман
Аңдар,құстар мен жануарлар.
Слайдта берілген артық суретті табады, жауаптарын түсіндіреді.
|