Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Төле би атындағы №8 гимназиясы
Ашық сабақ
«Шығыстың ұлттық діндері»
Пәні: ДІНТАНУ
Мұғалім: Ғарипуллаев Ә.Ә
Тарих пәнінің мұғалімі
Ғарипуллаев Әлішер Әзімбайұлы
Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі.
Пәні: Дінтану
Мұғалім: Ғарипуллаев Әлішер Әзімбайұлы
Сыныбы: 9 «г»
Сабақтың тақырыбы: Шығыстың ұлттық діндері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды шығыстың ұлттық діндерінің тарихымен және қоғамдағы қызметімен таныстыру;
Шығыстың ұлттық діндері болып табылатын Индуизм,Конфуциандық, Даосизм, Синтоизм және Иудаизмнің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын саралай білуге үйрету;
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, талдауға, қорытынды
жасауға дағдыландыру;
Оқушылардың белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды өз Отанына құрметпен қарауға, қорғауға, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке, діни түсіністік пен сыйластыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани-адамгершілік құндылықтардың жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест әдістері,жарыс сабақ, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: плакат,суреттер, әлем картасы, итерактивті тақта.
Болжамдап отырған нәтиже: Шығыстың ұлттық діндерінің еерекшеліктері мен айырмашылығын меңгерген тұлға.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
ІV.Жаңа сабақ
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Оқу құралын тексеріп, түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1 топ. «Бәйтерек»
2 топ. «Сұңқар»
3 топ. «Қыран»
І тур. Әр топ өз тапсырмасын қорғап шығады. Қорғау интерактивті тақтаны пайдалана отырып үйде дайындап келген материалдар негізінде жүзеге асады.
Көне Египет діні
Көне Греция діні
Көне Рим діні
ІІ –тур Бәйге. Әр топқа тест әдісінің тапсырмалары арқылы сұрақтар беріледі.
"Бәйге"
Достарыңызбен бөлісу: |