Сабақ№___14_____ Сыныбы____11_____ Күні__16.10.2014ж___
Тақырыбы: Түркияның шаруашылығы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Түркияның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Түркияның шаруашылығымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Б.Ү.Ү. кестесі. 6. Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Кестемен жұмыс.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
4. Топтастыру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Түркияның экономикалық-географиялық жағдайы?
2. Түркияның аумағының құрамы?
3. Түркияның табиғат ресурстары?
4. Түркияның табиғатын қорғау?
5. Түркияның халқы?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Түркияның өнеркәсібін түсіндіру.
Электр энергиясы
|
ЖЭС және СЭС-дан алынады. Ең ірі СЭС-Евфрат өзеніндегі Кебан СЭС-і.
|
Қара металлургия
|
Измир мен Қырықкалледе болат балқыту, Анталия мен Элазигеде темір-хром зауыты жұмыс істейді.
|
Түсті металлургия
|
Эргани, Мургуледе мыс, Самаун, Сейдишехирде алюминий зауыттары орналасқан.
|
Машина жасау
|
Стамбұл, Бурса, Измир, Мерсинде автомобильдер, Ескишехир, Адапазары, Сивалда тепловоздар мен жүк вагондары, Стамбұл, Измир, Пендикте кеме шығарылады.
|
Химия өнеркәсібі
|
Измир, Ашага, Мерсинде мұнай айыру және өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
|
Жеңіл өнеркәсіп
|
Мақта мата өндіретін тоқыма комбинаттары Стамбұл, Измир, Аданада, жүннен тоқылатын мата өндіретін комбинаттар Бурса, Стамбұл, Херене, Диярбақыр, Спарта, Бюнеянда орналасқан.
|
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Түркияның ауыл шаруашылығын түсіндіру.
Түркияның ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Басты саласы қой өсіру. Қой саны 50 млн, Анадолы таулы аймағында ангор ешкісі өсіріледі. Оның саны 15 млн. Мүйізді ірі қара саны 17 млн. Елдің оңтүстігінде түйе, жылқы, қашыр өсіріледі. Құс шаруашылығы соңғы жылдары ғана қолға алына бастады. Балық шаруашылығы жоқтың қасы.
Өсімдік шаруашылығы
Бидайдан Азияда 2-ші орында, қант қызылшасы, арпа, сұлы, күнбағыстан 1-ші орында. Зәйтүн, жүзім, інжірден д.ж. алдыңғы орындарда. Мақта, темекі, інжірді экспортқа шығарады. Диярбақыр өңірінде бау-бақша өркендеген. Анадлының оңтүстігі арахис пен күнжіт егуге маманданған..
4. Топтастыру.
Топтастыру арқылы Түркияның көлігін түсіндіру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Түркияның шаруашылығы.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова
Сабақ№__16______ Сыныбы_11____ Күні__23.10.2014ж_______
Тақырыбы: Корея Республикасы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Корея Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Корея Республикасымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Түркияның өнеркәсібі?
2. Түркияның ауыл шаруашылығы?
3. Түркияның көлігі?
4. Түркияның ішкі айырмашылықтары?
5. Түркияның экономикалық байланыстары?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Корея Республикасын толық түсіндіру.
Географиялық орны
|
Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Құрамын Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Ең ірісі-Чеджудо аралы.
|
Табиғаты және табиғат ресурстары
|
Ел аумағының 70%-ға жуығын аласа таулар алып жатыр. Ел аумағына ылғалды шығыс азиялық муссондық климат тән. Жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің д.ж. маңызы бар. Сонымен қатар кварц, каолин, алтын, темір, мырыштың шағын кен орындары кездеседі. Өзендері қысқа болғанымен мол сулы, жазғы муссондар кезінде тасиды.
|
Халқы
|
Халқы 48,3 млн адам. Бір ұлтты ел. Халқының 99%-ы корейлер. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 484 адамнан келеді.Адамдардың өмір жасының орташа ұзақтығы ерлерде-72 жас, әйелдерде-79 жас. Халықтың 79%-ы қалаларда тұрады.
|
Экономикасы
|
Кеме жасау ел өнеркәсібінің жетекші саласы. Елдегі басты кеме жасау орталығы Пусан болып табылады. Жеңіл автомобиль жасаудан д.ж. 1-ші орында. Жылына 2,2 млн жеңіл автомобиль шығарады. Аса ірі автомобиль компаниялары – «Хундай», «Дэу», «Киа». Металлургия саласы д.ж. 6-шы орында. Д.ж. өндірілетін болаттың 4%-ын береді, электролиттік мыс, мырыш, қорғасын және құйма алюминий өндіруден де көзге түседі. Бұл салада аса ірі концерні ПОСКО. Қазіргі кезде ел д.ж. мұнай химиясы өнімдерінің 5%-ға жуығын береді. Соңғы онжылдықта ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Ғарыштық күрделі техника жасау игеріле бастады; 2003 жылы елде 8 ғарыштық серік жұмыс істеді. Бұл салада бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжірибелік зауыттарды біріктіретін «Корея Аэроспейс Индастриз» компаниясы жетекші орын алады.
|
Сыртқа экономикалық байланыстары
|
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса ірі Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына енеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |