Сабақтың ортасы
|
Ширату тапсырмасы.
2- сынып «Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
3- сынып
Заттар қай кезде дыбыс шығарады?
Дыбыстарды қалай қаттырақ шығаруға болады?
Дыбыстар қандай болады?
Дыбыс қайда жылдамырақ таралады, ауада ма,суда ма,әлде қатты заттарда ма?
Дыбыстар дегеніміз – дыбыс көзінен құлағымызға берілетін ауадағы не басқа ортадағы тербелістер. Адамның құлағы дыбыстарды белгілі бір диапазонда ғана қабылдайды. Бәсең дыбыстар қатты дыбыстарға қарағанда жақсырақ естіледі. Адам үшін дыбыстың қалыпты деңгейі – 20-35 дБ, жеткілікті деңгейі (денсаулыққа зиян келтірмейтін) – шама- мен 80 Дб. Дыбыс шегі 130 дБ-ге тең. Ол құлаққа зиян. Қаттылығы 150 дБ дыбыстар кереңдікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Дыбыс қаттылығын беруштер (қаттылығы 20 дБ-ге дейін) және құлаққап (қаттылығы
90 дБ-ден артық) көмегімен азайтуға болады. Шыны рупорды 1670 жылы Морланд ойлап тапты. Бірінші рупорлар кемелерде пайдаланылған. Олардың ұзындығы жарты метрден екі метрге дейін жеткен. Осындай құрылғы адам сөзін екі километрге дейінгі қашықтыққа жеткізген.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
|