Сабақ тақырыбы : «Батыр Баян»



Дата30.05.2017
өлшемі110,81 Kb.
#17128
түріСабақ
Сабақ тақырыбы : «Батыр Баян» - батырлық баян.

Мақсаты:

Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.



Міндеті:

Мағжан поэмасындағы образдар жүйесіне баға бере отырып, ақынның асқақ тұлғасы мен бай шығармашылығына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншілігін ояту.


Сыни тұрғыдан ойлай білуге жетелей отырып,көркем шығарманың құндылығын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ бөлімдері





Блум такс/ң

оқу мақсаттары (деңгей )



Оқу тапсырмалары

Сабақты ұйымдастыру

әдісі


1.

2.


3.

4

5.



6.

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау


Жинақтау

Бағалау



1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

1.1. Мақсат қою

а) Балалар, экрандағы бейнетүсірілімді көре отырып,

қай кезеңдегі тарихи оқиғаны еске түсірдіңіздер?

б) – Қалай ойлайсыңдар, бұл бейнетүсірілім мен Мағжан ақынның қандай байланысы бар ?

в) Дұрыс айтасыздар, Абылайханның қазақ халқының елдігін сақтап қалудағы талай жорықтарында аурауты батырының бірі- Баян батыр М.Жұмабаевтың «Батыр Баян » поэмасның басты кейіпкері екен.

 (Оқушылардың ойын тыңдай отырып, сабақ мақсатын анықтап алу)



Мұғалімнің шолуы
Абылай хан жорықтарына байланысты бейнетүсірілімді көрсету

1.2.

Топтық жұмыс

1-топ

Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)– батыр. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен,тапқырлығымен Абылай ханныңерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған.



2-топ

Баян батыр кім, тарихта болған адам ба?

Батыр Баян жөнінде деректердіМағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі



3-топ

Баян батырдың батырлығынан сыр шертетін шығармалар мен зерттеу еңбетерінен үзінді келтіріңдер
«Бөгенбай өлімін Абылайға естірту»

Қара Керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағынбай

Қырмап па еді жауыңды,

Қуантпап па еді қауымды,

Ұмыттың ба соны, Абылай.

Үмбетей жырау
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,

Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт Уақтағы.



Тәттіқара жырау
...Уақ Баян ақылы мен ержүректілігі жағынан барлығынан артық.

(Ш.Уалиханов зерттеу еңбектеріндегі Абылай хан айтуы бойынша)

«Батыр Баян »

поэмасының жоспары бойынша мазмұнын айту

1.Көрікті  Көкше- Абылай,Баян  бастаған  ел  қорғандарының \ қонысы.

2.« Баянсыз қанатымды  қалай  жаям?!»

3.«Жорықта  жауының бір  сұлуын  алып  қайтқан..»

5.« Өлтірдім  бе, інімді  алаштың  намысы үшін..»

6.«Елі  үшін  төккен  ерлер  қанын  жұтқан жер  ұмытпас»

Поэма бойынша менің пікірім/ оқушылардың пікірін тыңдау/

1.«Батыр Баян» поэмасының негізгі идеясы неде?

2.«Батыр Баян» поэмасының басты  тақырыбы

неде деп ойлайсың? Ойыңды поэманың үзінділерімен дәлелдеп жеткіз?

3«Батыр Баян» поэмасының басты кейіпкерлері кімдер?

4.Поэма кейіпкерлерінің қайсы саған ерекше әсер етті?

5.Поэмадағы қандай оқиға саған ерекше әсер етті?

6.«Батыр Баян» поэмасындағы оқиғаға деген жеке көзқарасың қандай?



Топтық жұмыс.Пікірталас: «Қай кейіпкер айыпты?»

Ұсынылатын айғақтар:

«Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы»



Қорқыт ата

«Өтелмейтін қылмыс бар, ол – Отанға опасыздық жасау. Опасызда Отан жоқ»



Бауыржан Момышұлы

Махаббатсыз қан салқын. Махаббат -құштарлық атаулының ең құдіреттісі. Ол жасты да, жүректі де, тәнді де түгел баурайды.



Волтер

1-топ

Баян батыр айыпты себебі оның сұлуға деген махаббаты, айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді. Кісі өлтірмей ер, ел намысын қорғауға болмай ма? Інісін қанға боямай-ақ елге қайтарып алуға болар еді. Әйел үшін інісін өлтіру батырға лайық іс пе?Баян көзсіз, ашуын тежеп ұстай алмайтын қызба батыр.



2-топ

Ноян -махаббаттың құлы. Ол өз жүрек қалауымен ұнатқан қалмақ қызының арбауына тез түсті.Ойлануға да мұрсаты болмады. «Елден кетейік » деген сөзіне ойланбастан «иә» деп келісе салды.Ноянның бұл іс-әрекеті барып тұрған сатқындық.Өз елін сатқан –опасыздық


3-топ

Қалмақ қызы –нағыз айлакер. Өзіне есі кеткен Баян батырдың өкіл қарындасы буға рұқсатын алады.Ақыл-есті Баян батырды арбауына түсіре алмайтынын сезіп, уыздай жас Ноянды еліктіріп , елін тастап өзімен бірге қашып кетуге мәжбүрлейді.



Кейіпкерлерді ақтау

І топ

Ноян жас батыр.Ол махаббат сезіміне тежеу қоя алмағанына кінәлі емес. Ол қалмақ қызына бар ықыласымен ғашық болды. Ол Баян батыр секілді жаумен бетпе- бет ұрыста көп шыңдалмаған, жүрегіне кек найзасы қадалмаған жас батыр.



ІІ топ

Баян батыр елі үшін жанын пида етер аруақты батыр. Абылай хан да оны сол үшін құрмет тұтады.

Ол да Ноян тәрізді аңғал батыр. Қалмақ қызының ішкі ойын пайымдаайды. Інісін өлтіруінде екі себеп бар: біріншісі- қазақта өз қарындасын әйелдікке алмайды,екіншісі- елін сатқан опасыздық қазақ жұртында ешқашан кешірілген емес.

ІІІ топ

Қалмақ қызы да кінәсіз. Егер Баян батыр оның елін шауып алмағанда бұл жағдайдың бірі де болмас еді. Оның да өзі туып, кіндік қаны тамған жерін, ата-анасын сағынуы –заңдылық.



Кейіпкерлерге мінездеме

Баян

Ноян

Қалмақ қызы

Батыр, халық қамқоры, тәуелсіздік үшін күрескен тұлға Абылайдың сенімді серігі, ержүрек,

Қызу қанды, кекшіл, өжет, аңғал

Батыр, халық қамқоры, тәуелсіздік үшін күрескен тұлға, ержүрек, аңғал


Сұлу, айлалы,өжет, ақылды, туған жерін сүйеді


Тарих парақтарына үңілсек

Мағжанның Ноян деп алғаны Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы-Қыстаубай.Ел есіндегі әңгімеге қарғанда Қыстаубай расында да ауылдағы қалмақтың Лағда деген қызын алып қашса керек.Баласының қылығына Сары батыр қатты долданады.Сары батыр долданса,соғыста екі көзін қан жауып кетеді екен.Қашан он шақты дұшпанын сүйреп тастағанша көзі ашылмайды.Оған дейін шылбыры Баянның тақымында жүреді екен.Сол Сары: “Қыстаубайды қуып жетіп өлтір, киімі мен қару-жарағын көзімше көм”-деп Баянды жұмсайды.Баян Қыстаубайды қуып жетіп,бір қабат киімін алып,қозының қанына малып, Сарыға алып келеді. Қыстаубайдың нағашылары кіші жүзде екен. Кейін алты алаш дүр көтерілген бір соғыста кіші жүз әскерімен келген ұлын көріп, Сары батыр жібудің орнына Баян батырға қаттырақ ренжіпті деседі.


Оқиға шешімін драматизммен аяқтаудағы ақынның көркемдік шешімі
XX ғасырдың басында қиын қыстау заманда өмір сүрген Мағжан Жұмабаев сол кезеңдегі қазақ халқының орыс боданынан босап, жеке шаңырақ болуына күрескен азаматтардың бірі. Әрине, сол кезде Мағжан сияқты зиялыларды абақтыға жауып қолын кісендесе де, патриот азаматтардың қызыл тілін тия алмаған. Ескіні жырлау арқылы жаңаға жол беру Мағжанның үрдісі. Жаңаға жол беру дегеніміз, сол кездегі қазақ халқына XVIII ғасырдағы қазақи рухпен жігерді бере білу. Батыр Баяндай ерін танып, ұмытпаған халықтың ерлікке, еркіндікке деген күш жігері артатыны сөзсіз. Мағжан Жұмабаевтың эпостық поэмасындағы  негізгі түйінді ой халықты жігерлендіріп, рух бере отырып, тарихымыздың алтын діңгегінен айырылмау болып табылады.


Бағалау критерийлері

топ

мүше-лері



Шығарма мазмұнын жүйелі баяндай алуы


Шығармадан үзіндіні жатқа айтуы



Кейіперлерге мінездеме бере білуі



Барлығы

1












2












3












4












5












Барл/ы













Топтық жұмыс

Жеке –топтық жұмыс
Сыни тұрғыдан ойлай отырып жауап беру.

Мұғалімнің шығармашылық ізденісі

Өзін өзі бағалау

Өзара бағалау






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет