Сабақ тақырыбы : Электростатиканың негізгі заңы Кулон заңы. Есептер шығару. Мектеп: хбб нзм атырау қаласы



бет1/6
Дата27.11.2016
өлшемі1,29 Mb.
#2603
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Сабақ

Пәні: Физика

Сабақ тақырыбы:

Электростатиканың негізгі заңы Кулон заңы. Есептер шығару.



Мектеп:

ХББ НЗМ Атырау қаласы



Мерзімі: 27.10.2014ж.

Мұғалімнің аты: Алдигулова Н.Ж.

Сынып: 8

Оқушылар саны: 9

Оқу мақсаты:

  • F=kq1q2 /r2 вакуумда н/е ауада екі нүктелік қозғалмайтын зарядтар үшін Кулон заңы формуласын білу

  • Осы заңға негізделген модельдерге ғылыми тәжірибе жөнінде пікір қалыптастыру

  • Оқушылардың әртүрлі дерек көздерінен өздеріне қажетті ақпаратты іздену (мәтін, сурет, кесте, видео және анықтама жиынтығы)

Сабақтың мақсаты:

Нүктелік заряд ұғымын, зарядтардың өзара әсерлесу күші Кулон заңының физикалық мағынасын түсіндіру. Оның қолдану аясын, Кулон заңын қолданып сапалық есептерді шешуге оқушылардың білімін қалыптастыру


Тілдік мақсаттар

Оқушылар нүктелік заряд туралы ұғымға ие болады. Кулон заңының физикалық мағынасын және формуласын біледі.

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Электрлік құбылыстар- phenomena

Заряд- charge

Оң заряд- positive charge

Теріс заряд- negative charge

Тебісу- repulsion

Тартысу- attraction

Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge

Үйкелу – трение – friction

Электрон –electron

Электроскоп- electroscope

Электрометр- electrometer

Электр өрісі - Electric field

Кулон заңы – Coulomb's law

Нүктелік заряд - точечный заряд + point charge

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Нүктелік заряд – ...

Кулон заңы – ...

Күтілетін нәтиже

Оқушылар:

Түсінеді:

  • Зарядталған дененің өзара әсерлесу күші Кулон тәжірибесі арқылы анықталғанын; Кулон заңының орындалу шарттарын, өзара әркеттесетін зарядталған денелердің қозғалмайтындығын

Біледі:

  • Нүктелік заряд мағынасын;

  • Кулон заңын;

  • Кулон заңының физикалық тұжырымдамасын;

  • Кулон заңның қолданыс аясын;

Қолдана алады:

  • Кулон заңына мысалдар келтіре отырып, сапалық есептер шығару;

  • Зарядталған дененің өзара әсерлесуіне есептер шығару;

Өтілген материалдар

Денелердің электрлену құбылысын күнделікті өмірде бақылау

Табиғаттағы электрлік құбылыстары жөнінде мағлұмат жинақтау (шығармашылық жұмыс)



ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы
10 мин


Ұйымдастыру.

Сәлематсыздарма! 8 сыныпқа физика сабағын бастайық. Сабақтың тақырыбы: «Электростатиканың негізгі заңы – Кулон заңы». Бүгінгі сабағымызда бір – біріне қатысты қозғалмайтын электр зарядтардың өзара әсерлесуімен танысамыз. Сонымен қатар Кулон заңының ұғымын енгізе отырып есептер шығаруға үйрету. Ал сабағымызды бастайық



І. Еске түсіру

А)(Миға шабуыл)

1. «Электр», «Электр заряды» деген не?
2. Электр зарядының қандай түрлері бар және денелердің зарядталғанын қандай құрал арқылы білеміз?
3. Денелерді қандай әдістермен электрлеуге болады, зарядың сақталу дегенді қалай түсінеміз?

Ә)(Күнделікті өмірде байқаған жағдайларға байланысты денелердің электрленуіне мысалдар келтіріңдер.


Табиғаттағы электрлік құбылыстары жөнінде мағлұмат жинақтау (шығармашылық жұмыс)

Видео (оқушылар дайындаған видео жіберіледі)






Ортасы

20 мин

ІІ. Түсіну

Жаңа сабақ

Кулон заңын ашу (видео)

Міне оқушылар қазір біз тәжірибе жасап көрейік. Жіпке ілулі тұрған эбонит таяқшаны электрлейік. Екінші бір эбонит таяқшаны да жүнге үйкеп электрлейік те, ілулі тұрған таяқшаға жақындатайық. Таяқшалар бір – бірінен тебіліп қашықтайды. Себебі таяқшалар бір заттан жасалғандықтан және бір денеге үйкелгендіктен олар заряд тегі бірдей яғни теріс заряд болады.

Ал енді ілулі тұрған эбонит таяқшаға жібеккке үйкелген шыны таяқшаны жақындатайық. Біз енді шыны таяқша мен эбонит таяқша бір – бірімен тартылатынын байқаймыз. Бұл жерде эбонит таяқшалары әртүрлі заттан жасалғанын көреміз сол себепті олардың тебілетін байқап отырмыз.

Яғни бұл екі денелер өзара әсерлесіп жатқанын тартылатынын және тебілетініне көз жеткіздік. Себебі арасында белгілі күш болады. Бұл күштің ашылу тарихына тоқталып өтелік.



Тарихи мағлұмат

Шарль Огустен Кулон (1736-1806) – Электр және магнетизм тәжірибелерімен танымал француз физигі. Оның ең басты жетістігі денелердің өзара әсерлесу күшін өлшейтін құрал – иірілмелі таразыны ойлап тапты.

Құрал – жабдық: шыны таяқша ол серпінді таяқшаға бекітілген. Таяқшада А және оған қарама қарсы С метал шарлары бекітілген. В шары таразының аузында орнатылған және ол қозғалмайтын. Тәжірибесі : Ол жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәрізді ыдыста орналастырылған шыны таяқшадан тұратын қондырғы – иірілмелі таразыны қолданды.Таяқшаның бір ұшына кішкене металл шар бекітті,ал екінші ұшына оны теңгеріп тұратын жүк ілді.Жіптің жоғарғы ұшын оның ширатылу бұрышын анықтауға арналған бөліктері бар шкалаға бекітті. Ыдыс тығынындағы саңылау арқылы дәл сондай басқа сынақ шар енгізді. Содан соң шарларға оң заряд берді және олар бір-бірімен өзара әрекеттесті. Ал олардың әрекеттесу күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтады. Өлшемдері электрленген шардың өлшемдерімен бірдей,заряды жоқ үшінші шардың көмегімен Кулон алдыңғысының зарядын тең екіге бөлді. Осылайша, Кулон тәжірбиесін қорыта келе,шарлардың өзара әрекеттесу күшін анықтады.Бұл күшті Кулондық деп атады.

Арақашықтығымен салыстырғанда өлшемі кішкентай зарядталған денелер үшін Кулон заңы жүзеге асатынын көреміз. Мұндай денелерді нүктелік зарядтар деп атайды. Дәптерлеріне анықтаманы жазып алыңдар.



Каталог: uploads -> doc -> 0a84
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a84 -> Қазақ тілі сабағында оқытудың ТҮрлі әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың коммуникативтік қҰзыреттіліктерін дамыту
0a84 -> «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі»кмм


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет