Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Еңбекті қорғау комитеттері (комиссиялары)



бет23/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
3.7 Еңбекті қорғау комитеттері (комиссиялары)

3.7.1 Комитет кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы ұйымдастыруды басқаруға қатысу нысандарының бірі болып табылады. Оның жұмысы әлеуметтік әріптестік принциптеріне негізделеді.

3.7.2 Комитет еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметімен, кәсіподақтармен (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен) өзара іс-қимыл жасасады.

3.7.3 Комитеттің міндеттері:

а) Комитет мүшелері ұсыныстарының негізінде жұмыс берушінің, кәсіподақтардың (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарының бағдарламасын әзірлеу;

б) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеруді ұйымдастыру, жұмыс берушіге еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды талдаудың негізінде еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстар дайындау;

в) қызметкерлерге жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі, болып отырған денсаулыққа зақым келу тәуекелі және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе қауіпті жұмыс үшін тиесілі өтемақылар, жеке қорғану құралдары туралы ақпарат беру.

3.7.4 Еңбекті қорғау комитеттері (комиссиялары) тепе-теңдік негізінде (тараптардың өкілдіктерінің жалпы санына қарамастан, әрбір тарап бір дауысқа ие) қызметкерлердің немесе құрамында жұмыс беруші, кәсіподақтар өкілдерінен не еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор бар олардың өкілдік етуші органының бастамасы бойынша құрылады. Комитеттің құрамы жұмыс берушінің бұйрығымен (өкімімен) бекітіледі.

3.7.5 Комитет мүшелері еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен оқытудан өтеді.

3.7.6 Комитет өз құрамынан төрағасы, әрбір тараптан орынбасарларын және хатшыны таңдайды. Комитеттің төрағасы, әдетте, жұмыс беруші не оның жауапты өкілі, төраға орынбасарларының біреуі – сайлаулық кәсіподақ органының өкілі және (немесе) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор, хатшы – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкері болып табылады.

3.7.7 Комитет өз қызметін әзірлейтін регламентіне және жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

3.7.8 Комитеттің, оның мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету (міндеттерін орындау кезінде негізгі жұмысынан босату, оқыту және т.с.с.) кәсіпорынның ұжымдық шартымен, жергілікті нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

3.7.9 Комитеттер өз қызметінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, салалық (салааралық), аумақтық келісімдерді, ұжымдық шартты (еңбекті қорғау жөніндегі келісімді), жергілікті нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет