Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Еңбекті қорғау жөніндегі міндеттер мен жауапкершілікті бөлу



бет25/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
3.9 Еңбекті қорғау жөніндегі міндеттер мен жауапкершілікті бөлу

3.9.1 Жұмыс берушінің еңбекті қорғауды басқарудағы басшылық рөлі

3.9.1.1 Заңнама жұмыс берушіге кәсіпорында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жауапкершілігін жүктейді. Ол жұмысты ұйымдастырады және қызметкерлерді осы жұмысқа тартады.

Жұмыс беруші мен жоғары буындағы басшылар ұйымдастыру мақсаты мен сол мақсатқа қол жеткізу жолдарының біртұтастығына, кәсіпорын қызметкелері үшін ортақ құндылықтарды, ұстанымдар мен нормаларды сақтауға, қызмкеткерлер кәсіпорын міндеттерін шешуге толығымен қатыстырылатын кәсіпорындағы әлеуметтік-психологиялық климаты қолдауға қол жеткізеді. Жұмыс берушінің басшылық рөлі нәтижелі басқару жүйесін жасауға бағытталған. Бұл оған:

а) мақсаттарды айқындауға;

б) басым міндеттер мен қажетті ресурстарды бөлуге;

в) жұмыстарды жоспарлауға жәрдемдесуге;

г) барлық деңгейлердегі басшылардың қызмет нәтижесі үшін жауапкершілігін арттыруға;

д) еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;

е) персоналдың еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі біртұтас мақсаттар мен міндеттерін орындау деңгейлерін арттыруға;

ж) субъективті факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

3.9.1.2 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жасау кезінде кәсіпорынның құрылымын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету процестерін айқындаған, сондай-ақ төмендегілер жөнінде бастапқы кезеңдерде қабылданған шешімдерді ескерген жөн:

а) барлық деңгейлерде танылған еңбекті қорғауды басқару;

б) қауіптілік пен тәуекелдерді айқындайтын, бағалайтын немесе оңтайландыратын тұлғалардың міндеттерін, жауапкершіліктері мен өкілеттіктерін айқындап, қызметкерлердің назарына жеткізу;

в) қажетіне қарай, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін тиімді әрі жедел бақылау (қадағалау) жүргізу;

г) олардың өкілдерін қоса алғанда, қызметкерлердің арасындағы ынтымақтастық, ақпаратпен алмасу;

д) 12.0.230 МЕМСТ-да, арнайы стандарттарда немесе оларды орындау үшін кәсіпорын басшылығы жауап беретін еңбекті қорғау жөніндегі бағдарламаларда жазылған еңбекті қорғауды басқару жүйелерін жасау принциптерін сақтау;

е) кәсіпорында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдама мен мақсаттарды айқындау және орындау;

ж) барлық еңбек процесі бойы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді айқындау, жою немесе шектеу жөніндегі тиімді іс-шараларды белгілеу;

и) кәсіпорындағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу;

к) барлық қызметкерлерді, олардың өкілдерін, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі комитетті (комиссияны) (ол болған жағдайда) кәсіпорында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа тарту жөніндегі тиімді шараларды қамтамасыз ету;

л) комитет (комиссия) мүшелерін, еңбекті қорғау жөніндегі инспекторларды қоса алғанда, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты адамдар үшін қажетті жағдайлар мен ресурстарды ұсыну.

3.9.1.3 Жұмыс беруші заңнамаға сәйкес кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет