Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Еңбекті қорғауды басқару жүйесін интеграциялау



бет22/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
3.6.2 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін интеграциялау

Кәсіпорында басқару оның қызметінің әртүрлі бағыттары, оның ішінде сапа, экология және еңбекті қорғау бойынша жүзеге асырылады, сондықтан кәсіпорын қызметінің барлық бағыттарын басқаруды оларды құру әдіснамасына орай жасаған жөн.



3.6.3 Еңбекті қорғау тұжырымдамасы (саясаты)

3.6.3.1 Кәсіпорында еңбекті қорғау тұжырымдамасы дегеніміз – басшылықтың еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттемелерінен тұратын кәсіпорын басшысының құжаты.

3.6.3.2 Еңбекті қорғауды алдын ала талдаудың нәтижесін кәсіпорында еңбекті қорғау тұжырымдамасын әзірлеу үшін пайдаланады, ол қысқаша, анық жазылған, кәсіпорынның ерекшелігіне, оның көлемі мен құрылымына, қызметінің сипаты мен тәуекелдердің ауқымына сай келуі тиіс.

3.6.3.3 Еңбекті қорғау тұжырымдамасы, ең аз дегенде, мынадай ппринциптер мен мақсаттарды қамтиды, оларды орындауды кәсіпорынның басшылығы өз мойнына алады:

а) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу жолымен кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;

б) еңбекті қорғау жөніндегі тиісті заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау жөніндегі ұжымдық шарттарды (келісімдерді) және кәсіпорын орындауға міндеттенген басқа да талаптарды сақтау;

в) кәсіпорында болған еңбекті қорғау саласындағы қауіп-қатерлердің түрлерін айқындау;

г) қызметкерлермен және олардың өкілдерімен еңбекті қорғауды жақсарту және оларды еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ережелерін іске асыруға белсенді қатысуға тарту мәселелерін талқылау жөніндегі міндеттемелер;

д) қызметкерлерді және олардың өкілдерін еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін көтермелеу шараларын жүзеге асыру;

е) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін жетілдіруге үздіксіз ықпал ету.

3.6.3.4 Кәсіпорынның әзірленген еңбекті қорғау тұжырымдамасы қызметкерлерге талқылау үшін жіберіледі.

3.6.3.5 Келісілген еңбекті қорғау тұжырымдамасына қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, жұмыс беруші немесе оның сенімхаты бойынша уәкілетті адам қол қояды.

3.6.3.6 Кәсіпорындағы еңбекті қорғау тұжырымдамасы:

а) кәсіпорынның барлық қызметкерлерін таныстыру үшін оңай алынатын жерде болуға;

б) оның үнемі өзгеріп отыратын еңбекті қорғау жағдайларына сай келуін қамтамасыз ету мақсатында түзету мүмкін болуы үшін талдануға;

в) белгіленген тәртіппен сыртқы мүдделі кәсіпорындарға қолжетімді болуға тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет