Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қорғаныс шаралары



бет60/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
10.4 Электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қорғаныс шаралары

Электр құралдарына электр дрельдері, электрпаяльниктері, электр аралары, орын ауыстыратын шамдар және тағы басқалар жатады. Электр құралдарымен жұмыс істеуге, олармен жұмыс істей алатын және электр қауіпсіздігі бойынша I топтағы адамдарға ғана рұқсат етіледі. Электр кауіпсіздігі бойынша электр құралдарына келесідей жалпы міндеттемелер қойылады. Электр құралдары тоқ жүретін бөліктерден қол жетпейтін жерде болуы керек. Оның корпусы металлдан


және берік оқшауланған материалдан жасалады. Резеңке шланкта орналасқан көпжелілі өткізуші желілер колданылады. Егер кернеу 42 В-тан көп болса корпустары жерге қосылады. Соңғы кезде, электрқұрылғыла-

рын қосу үшін түйіспеден басқа корпусы сенімді жерге және нөлге қосылған розеткалар, немесе электрлі ашалар (штепсель) қолданылады.

Жоғары кауіпті емес бөлмелерде кернеуі 220 В-тан аспайтын электр кұралдары колдануға рұксат етіледі. Жоғары кауіпті бөлмелерде кернеуі 42 В-тан аспайтын электр кұралдары (ерекше жағдайларда 220 В) рұқсат етіледі, бірақ міндетті түрде оқшауланған корғаныс құралдары (қолғап, резеңке кілемшелер және т.б.) колданылады. Ерекше қауіпті бөлмелерде электр кұралдарының кернеуі 42-В тан көп болмауы керек, окшауланған қорғаныс кұралдары міндетті түрде қолданылады.

Электр құралдарын ай сайын мегаомметр көмегімен корпуска, жерлестіретін желі үзілістсрге тұйықталудың жоқтығына тексерулер жүргізуі керек, сонымен қатар оқшаулама жағдайың қадағалап тұру керек. Тексеруші адам электр қауіпсіздігі бойьінша III - топта болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет