Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет63/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

11.2 Еңбек гигиенасы , кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Еңбек гигиенасының Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) санитарлық-гигиеналық факультетінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғыл. зерттеулер Қазақстан Ұлттық Академиясының Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Еңбек гигиенасы мәселесімен Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) айналысты. Еңбек гигиенасының негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физика, химия, биология (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-техникалық (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Еңбек гигиенасы физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасы тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиол. стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемл. стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Еңбек гигиенасы жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғылыми-зерттеу институты, Батыс Қазақстан (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) Мемлекеттік Медицина Академиялары мен Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет