11.4 Адамның жұмыс қабілеттілігі.
Жұмыс қабілеттілік деп жұмыстың белгілі бір көлемін берілген бір уақытта адамның орындай алатын мүмкіндігін айтады.
Өндірістік жағдайда әр түрлі факторлардың әсерінен ауысымда жұмыс қабілеттілігі өзгеріп отырады және шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - жұмысты бастау ,мұнда шартты тітіргендіргіштер әсерінен орталық жүйке жүйесінің белсенділігі артады,зат алмасу процесі деңгейі өседі,жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді,бұл жұмыс қабілетінің артуына келтіреді.Бұл құбылыс адам ағзасы қызметінің деңгейін осы жағдайда қамтамасыз ететін түрлі психо-физиологиялық функциялардың іске қосылуымен ,әр түрлі реттегіш процестердің жүруімен шартталады.
Екінші кезең-салыстырмалы тұрақты жұмыс қабілеті,мұның негізгі белгісі орталық жүйке жүйесінің қызметінің үйлесімді деңгейіне байланысты.Бұл кезеңде еңбек тиімділігі айтарлықтай үлкен.
Үшінші кезең-шаршауға байланысты жұмыс қабілетінің төмендеуі.
Төртінші кезең-жұмыс қабілетінің екіншілікті артуы.Мұның негізінде жұмыс бітуінің аяқталуы және одан кейінгі демалыспен байланысты шартты –рефлекторлық механизм жатады.Жалпы жұмыс қабілеті жұмыс ортасының жағдайына тәуелді болады.Жағымсыз микроклимат,шу,демалатын ауада әр түрлі химичлвқ заттардың болуы жұмыс қабілетін елеулі төмендетеді.
Жұмыскерлердің денсаулығына және ағзаның қалыпты қызметіне әсер ететін еңбектің негізгі факторлары:бірқалыпты қайталанып отыратын бұлшық еттің жұмысы,жұмыс қалпын ұзақ уақыт өзгертпеу,жүйкенің және мінез-сезімнің жүктемесінің артуы.Еңбек қызметінің негізгі түрлері процесінде жоғарғы жүктеме асқын жүктемеге ауысуы мүмкін.Артық жүктеменің денсаулыққа зияны үш бағытта көрініс табуы мүмкін:асқын жүктеме түрлі кәсіби ауруларға соқтыруға жағдай жасайды,жүйке-психика,жүрек –тамыр және т.б.аурулардың тәуекелдігіне апарады,ескі ауруларды қоздырады.Дәл осы факторлар өндірістік жазымға келтіруге себеп болады.
Өндірісті автоматтандыру және механикаландыру нәтижесінде дене еңбегі жеңілдеді,дененің ірі бұлшық еттері қатысуын қажет ететін жұмыс үлесі азайды;қазір көбінесе бұлшық еттердің шағын саны қатысады,бірқа осы шағын бұлшық ет күштері бір ауысымда жүздеген және мыңдаған санға жетеді;жүрек-тамыр жүйесі,демалу жүйесі энергошығындары азаяды.Бір қызығы адамның дене еңбегі азайған сайын оның жеңіл дене еңбегінде де шаршауы жиілейді.
Жеткіліксіз дене жүктемесі гипокинезияға келтіруі мүмкін,яғни,еттің немесе жүйке жүйесінің ауруына байланысты ерікті қимылдар төмендейді,демек қозғалыс күшінің нашарлауына байланысты қимыл нашарлайды.Интеллектілік жүктеме шамасының азаюы жадтың,еріктің,назардың,логикалық ойлаудың және басқа жоғарғы психикалық қызметтердің төмендеуіне ,сондай-ақ,орталық жүйке жүйесінің жағымсыз ойсуына әкеледі.Конвейірлік,ағындық,механикалық желілердің кең қолданылуы ,аса күрделі емес бірқалыпты қозғалысты талап ететін операциялардың қарапайымдалуы,бөлшектенуі,еңбектің бірсарынды болуына және төмен энергия жұмсалуына соқтырады.Бірсарынды жұмыс жағдайында сергектіліктің төмендеуі айтарлықтай ерік күшін қажет етеді,бұл қолайсыз жағдайларда жүйкені жұқартады.
Еңбек пен демалысты тиімді ұйымдастыру шаршауды азайтады.Жұмыс режімдерінің және демалудың жүйелігі оның оңтайлы ұзақтығын,мазмұнын,ауысымын қарастырады.
Режімдер тәуліктік,апталық,жылдық болуы мүмкін.Жұмыс күнінің режіміне енгізілген қысқа кақытты үзілістер тиімді болуы үшін оларды жұмысшылар шаршамай тұрып ұйымдастырған дұрыс.Үзілістер жиілігі және ұзақтығы жұмыс сипатымен анықталады.Жүйкенің үлкен жүктемесінде қысқа және жиі тыныстаулар (3-5 минут )қажет.Керісінше үлкен бұлшық ет жүктемесінде үзілістер 10 минутқа дейін ,бірақ онша жиі болмауы қажет.Еңбек қызметінің сипатына байланысты демалыс кезінде қызметкерлер тыныш,арнайы физикалық жаттығулар,массаж жасай алады.Еңбек өнімділігін арттырудың тиімді құралы адамның шаршағанын жоятын,көңілін көтеретін,жазым алуын азайтатын өндірістік эстетика болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |