11.5 Техникалық эстетика.
Техникалық эстетика-қозғалыстың ғылыми-әдістемелік негізін жасайтын және пәндік ортаның негізінің қалыптасуының әлеуметтік,эстетикалық,функциональдық,эргономикалық ,техникалық аспектрлерін зерттейтін ғылыми пән.Техникалық эстетиканың әлеуметтік –мәдени рөлі адамдардың еңбек ,демалыс және тұрмысының қолайлы жақтарын жасау болып табылады.
Өндірістік эстетика техникалық эстетиканың бөлігібола отырып ,өндіріс мәдениетін көтеру,еңбектің қолайлы жағдайларын жасау мақсатында өндірістік кәсіпорындардың заттық ортасын эстетикалық жетілдіруін ,қалыптастырудың негізгі ережелерін ,принциптерін,әдістерін әзірлейді.
Техникалық эстетика еңбек процестеріе көркем бастау енгізеді,бұл еңбек рухын көтереді,өндіріс жағдайында адамға оң сезімдердің тәсілдерін әзірлейді.
Техникалық эстетика еңбек процесінде ағза қызметіне зиян әсерлерді азайтады және жүйке шаршауын төмендетеді,себебі ол техникалық пәндерге ,экономикаға,эргономикаға,сәулетке ,көркем өнерге сүйене отырып,адамды ыңғайлы,жетілген және әсем техникамен қоршайды.
Техникада барлық жағдайда қолданатын әсемдік формалары жоқ,әр жұмыс орнының ,әр машинаның мазмұнға сәйкес түрі бар.Құрамдалатын кез келген нысан әлемдік танытуы қажет.Бұл тек механикалық тетіктер емес,бұл “адам-машина”жүйесінің өзара қатынастары.
Бірақ эстетика мазмұнындағы басты нәрсе-еңбек.Еңбекті эстеттеудің үш түрі бар:
-еңбек процесін эстеттеу;
-жұмыс ортасы эстеттеу;
-еңбек өнімін эстеттеу.
Жұмыс процесін эстеттеу өндіріс мәдениетін және еңбек мәдениетін қамтиды.Өндіріс мәдениетінің талаптары өндірістің өз процесімен,бұйымдардың сыртқы безендірілуін қоса отырып,өндірістің көп түрлі технологиясымен аяқтай отырып,техникалық құжаттаманың жобалануы және қойылуынан бастап,өз процесімен қанағаттандырылуы қажет.
Жұмыс күшін эстеттеу кең міндеттер кешенін қамтиды,еңбек өнімділігінің өсімінің елеулі резервтерінен тұрады.
Еңбек өнімін эстеттеу көркем безендендіркуге негізделеді.Еңбек өнімі соңғы түрде және тұтастай әсем болумен бірге ,оның әрбір материалының машинаға ,бөлшекке,затқа ,құралға айналуы да әдемі болуы қажет.Еңбек өнімін эстетикалық маңызды әдістерінің біріоның көркем дизайны болып табылады.
Көркем құрастыру –адам қызметінің саласы,оның мақсаты,адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыратын үйлесімді зат ортасын жасау;бұл процесс тұтастай мазмұн мен сапаның диалектикалық өзара байланысындағы бұйымдардың түрлерін жинақтау және өнеркәсіп бұйымының ең оңтайлы формасын іздестіру болып табылады.
Көркем құрастыруда компазиция,көлемдік-кеңістіктік құрылым сияқты ұғымдарды пайдаланады.
Бұйымға мөлшерлік пен үйлесімділік беретін негізгі құралдар пропорциялар,масштаб,ырғақ,қарсылықты түстер,реңк,симметрия,асимметрия болып табылады.
Пропорциялар формалардың тұтас және өз арасындағы бөліктердің өзара мөлшерін көрсетеді.Пропорциялар форманы үйлестіру құралы болып табылады.
Масштабтылық-белгіленген өлшемде заттың жасалатын шамасының белгіленген қатынасы.Масштаб-бұл бір заттың екінші затқа немесе бірнеше затқа олармен салыстырғандағы өлшемі.
Ырғақ-элементтерді қайталау,кезектестіру,күшейту,азайту жолымен көрінісін және байланысын қамтамасыз ететін компазициялық құрал.
Қарсылықты түстер-элементтерді қарама-қарсы көлемі ,түсі және т.б. көрсету үшін пайдаланылатын компазициця құралы.Ол салыстырылатын элементтердің функциональдық және құрастыру ерекшеліктерін белсендірек көрсетуге көмектеседі.
Реңк(нюанс)-элементтердің формасы,мөлшері,түсі және т.б. бойынша контрастқа қарама-қарсы компазиция құралы.
Симметрия –оське немесе ортаға компазиция элементтерінің ұйымдастырылу принципі , асимметрия-бұрыс орналастыру.
Машина формасы оператордың назарын қажетсіз аудармауы үшін басы артық ақпарат болмауы қажет.Жұмысқа қажетсіз сәндік элементтер,егер олар даярлау технологиясына жатпаса,алынуы керек.Машиналардың негізгі көлемдері қарапайым болғаны дұрыс .Басы артық конфигурациялар адамның назарын еріксіз тартады.
Масштабтылық негізінде заттың бір бөлігінің тұтасқа қатынасынан тұрады,тұтастың бөліктерге ,сондай-ақ адам мөлшеріне қатынасынан тұрады.Масштабтық салыстыру осы заттар қатар тұрғанда ғана емес,сондай-ақ орны мен уақыты бойынша алыс тұрғанда дабола береді .Бұл жағдайда салыстыру жад бойынша жүреді,адам ойша өткен тәжірибесін елестетеді.
Үлкен зат кішкентай заттардың ішінде басты болып қабылданады.Мысалы,машина залы ішіндегі гидрогенератор .Бірақ басқа да сипатты ансамбльдер болуы мүмкін.Мысалы,үлкен және кіші мөлшерлі көптеген күрделі көптеген аппараттармен толтырылған ірі зауыт цехы.Цехтың аяққы жағында қабырғадан алыс емес бес метрлік ақшыл-көк ,тіптен ақ десе де болады басқару пульті тұр,ол адам бойынан биік,жоғарысында ашық көк түсті күнқағары бар.Цех ішіндегі жабдықтың көбі басқару пультінен үлкен болса да,пульт мұнда ең басты нәрсе екенін айғақтап тұр.
Цех ансамбльіндегі басқару пультінің мәнділігі ,байқалуы көптеген факторлармен дәлелденген.Мұндағы басты фактор пульттің технологиялық процестегі басты рөлде болуы және оның ерекше түсі мен орны-пульт көру орталығында аса үлкен емес алаңға қойылған.Бірақ оның тағы бір маңызды сапасы құрастырылуында ,соған байланысты ол өндірісте жетекші орынға ие болыр тұр.Бұл-оның елеулі елеулі масштабы мен бөлшктерінің ірілігі.
Адамның еңбек процесінде оның көз қызметіне жүктемелердің көбейе түсуіне байланысты,адам көзіне шаршатпайтын,түйілдірмейтін жағдай жасау қажет.Мәселен,өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындары көзге жайлы болатындай боялғаны дұрыс.
Адам көзі түс түрлері бойынша күн спектрінің 120 өрілімін көре алады,70-тен астам қанық түсті және 20-дан астам ашық түсті көре алады,мұның бәрі 25 мыңнан астам түс пен түс реңктері.
Жекелеген бұйымдар мен заттық ортаны бояу үшін түстерді қолдану әдетте келесі бірлікте қолданылады:физикалық,психофизиологиялық,психологиялық,әлеуметтік ,эстетикалық.
Түсті қолданудың негізгі мақсаты еңбек өнімділігін және адамның эстетикалық қанағаттануын арттыруда болып табылады.Түс үнемі адамды тек қоршап қана тұрмайды,сонымен қатар оған әсер етеді.Оның әсері жүйке жүйесінде ,адамның мінезінде,оның еңбек қабілеттілігінде байқалады.Түс таңдауда түстің психо-физиологиялық әсері-бірінші және маңызды факторы болып табылады.
№12 Сабақ
Тақырыбы: Шу мен дірілдің адам организміне әсері
Достарыңызбен бөлісу: |