10.2 Электр тораптарындағы қауіп.Электр тораптарындағы қауіпті талдау.
Адам арқылы өтетін ток электр қондырғысындағы кернеуге, адамның торапқа жанасу сұлбасына, тораптағы бейтарап режиміне, сонымен бірге электр торабындағы жерге салыстырғандағы сыйымдылық және кедергіге байланысты болады. Кернеу астындағы электр қондырғының бөліктеріне адамның бір фазалы (бір полюсті) және екі фазалы (екі полюсті) жанасуы болуы мүмкін. Екі фазалы жанасу дегеніміз, кернеу астындағы электр қондырғысына адамның бір уақытта екі фазасына жанасуы. Бір фазалы жанасу дегеніміз, адамның кернеу астындағы электр қондырғысының бір фазасына жанасуын айтамыз. Адамның электр торабындағы екі фазасына жанасуы өте қауіпті, өйткені бұл жағдайда жанасу кернеуі тораптағы кернеудің шамасына тең болады.
(1)
Бұл тендеудегі Іh - адам арқылы өтетін тоқ, А; Uж - жанасу кернеуі, В; Uл - айнымалы тоқтағы үш фазалы тораптар үшін сызықтық кернеу, В; Uф - фазалық кернеу, В; Rh - адам денесінің кедергісі, Ом. 5.1 - суретте адамның электр торабындағы екі фазасына жанасуы келтірілген. Мұнда адам арқылы өтетін тоқты төмендегі теңдеумен анықтауга болады
5.1-сурет. Адамның электр торабындағы екі
фазасына жанасуы
А дамның бір фазаға жанасуындағы эквивалента орынбасу сұлбасы 5.2- суретте көрсетілген. Есептеуді оңайлату үшін сымның жерге салыстыргандағы сыйымдылығын ескермейміз.
5.2- сурет. Адамның электр
торабына бір фазалы жанасуы
Адам арқылы өтетін тоқ төмендегі теңдеумен анықталады
(2)
Орынбасу сұлбасын қолдану арқылы жанасу кернеуін былай анықтаймыз
(3)
Орынбасу сұлбасынан жалпы тоқты табамыз
(4)
Жалпы тоқ теңдеуінен жанасу кернеуін былай анықтаймыз
(5)
Теңдеуін қолдана отыра адам арқылы өтетін тоқ төмендегі түрге келеді
(6)
Егер r1 = r2 = rиз (rиз -оқшаулама кедергісі) болса, онда (5) және (6) теңдеулерінен
(7)
(8)
(8) теңдеуіне талдау жасап отыра, торап оқшауламасының кедергісі өткен сайын, адам арқылы өтетін тоқ азаятындыгын байқаймыз.
Егер адам оқшауланған еденде аяқ киімі мен тұрған болса, онда еденнің rп және аяқ киімнің rоб кедергілерін ескеру керек, сонда (8) тендеуі төмендегі түрде болады
(9)
Б ір фаза жерге тұйықталған апатты режимде эквивалентті сұлбаны төмендегі сұлбаға ауыстыру керек.
6 - сурет. Апатты режимде адамның электр торабына жанасу сұлбасы
Жерге тұйықталу кедергісі rзм әдетте, оқшауламалар кедергісінен r1, r2 және адам кедергісінен Rh аз болады, сондықтан,(5) және (6) теңдеулеріндегі r2 кедергісін эквивалентті кедергіге rэ= r2* rиз/( r2 + rиз) ауыстыру арқылы төмендегілерді аламыз.
(10)
(11)
rзм кедергісі нөлге жақын болғандықтан, (10) және (11) теңдеулері төмендегі түрге енеді:
(12)
Апаттық режимде жанасу кернеуі тораптың кернеуіне тең болады.
Құрылғыны қоректендіру үшін көп жағдайда бейтарабы жерге қосылған және оқшауланған үш фазалы тораптар қолданылады. Бейтарабы оқшауланған тораптың бір фазасына адам жанасқанда дене арқылы өтетін ток оқшаулама кедергісіне және жерге салыстырғандағы фаза сыйымдылығына байланысты болады.
7-сурет. Бейтарабы оқшауланган үш фазалы тораптарға бір фазалық жанасу
Сымдар оқшауламасындагы кедергілер r1 = r2 = r3 = rиз және сыйымдылықтар
С1 = С2 = С3 =С бір -біріне тең болса, онда
(13)
Егер фазалардағы жерге салыстырғандағы сыйымдылықтарды ескермесек, онда (8) теңдеуі томендегі қарапайым түрге келеді
(14)
Егер оқшаулама кедергісі шексіз көп болса r1 = r2 = r3 = ∞ , ал фазалар сыйымдылығы бір-біріне тең болса (кабелдік желілер үшін) С1 = С2 = С3 =С, онда адам арқьлы өтетін тоқты есептеу теңдеуі темендегідей
(15)
мұнда хс = 1/w*C-сыйымдылықты кедергі, Ом. (15) теңдеуінен тораптағы сыйымдылық қаншалықты көп болса, адам арқылы өтетін тоқ сонша үлкен болатындығын көреміз.
Бейтарабы окшауланған тораптың апатты жұмыс режимінде бір фазаның жерге тұйықталуы пайда болады. Егер бұл жағдайда жерге тұйықталу кедергісі аз болса, онда зақымдалмаған фазаға адам жанасқан кезіндегі дене арқылы өтетін тоқ төмендегі теңдеумен анықталады
Тәжірибеде rзм кедергісі Rh кедергісінен бір шама аз болады, сондықтан жанасу кернеуін былай анықтаймыз
Сонымен, адам желілік кернеу астында болады және оқшаулама кедергісі корғанысқа ие емес. Сондықтан, бұл жағдайдағы жанасу қалыпты жұмыс торабына жанасуға қарағанда өте қауіпті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |