Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет79/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Клиникасы. Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі меланоманы тудырады.

Көздің тура немесе айналы көріністегі сәулелермен сәулелену кезіндегі зақымданулар ауыспалы қызметтерінің бұзылысчтарымен сипатталуы мүмкін: қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т.б.

Ауыр жағдайларда лазерлі сәулелердің қарқынды түрде ұзын толқынды көрінетін жәнеде жақын инфрақызыл спектрлердің көру аймағына түсуі ауырсынусыз көрудің шектелуімен (скотоманың дамуымен) жүреді. Бұндай жағдайларда көз түбінде торлы қабаттың ісінуі және әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйіктер, әйнекті денеге және торлы қабатқа қан құйылулар анықталынады. кейін хориоретиналды күйіктің орнында, әдетте макулярлы немесе парамакулярлы аймақта көрудің төмендеуімен жүретін тыртық пайда болады.

Ультрафиолетті лазерлі сәулелер және спектрдің инфрақызыл бөліктері негізінен оптикалық жүйенің беткей элементтерімен жұтылады: роговицца, хрусталик, әйнекті дене. Сондықтан ультрафиолетті диапазонда жұмыс істейтін лазерлер роговицаның ауырсынумен жүретін күйіктерін тудыруы мүмкін, ол доғалы сваркілеу кезіндегі күйіктерге ұқсайды.

Ұзақ уақыт бойы лазерлі сәулелермен қатынаста болған жұмысшыларда көру аймағы жағынан әртүрлі органикалық және функционалды бұзылыстар болуы мүмкін. Қараған кезде науқастар жұмыстың соңында көздерінің шаршауына, көз алмасындағы тұйық және кесіп ауырсыну «жарықты көтере алмау» сезімі, жылағыштық және көздің құрғауы «құм құйылғандай», қабақтың ісуі және ауырлық сезімінің болуына шағымданады.

Көру өткірлігі өзгермейді, бірақ түстерді ажырату босағасы, қараңғылық адаптациясының ұлғаюы, кейде көру аймағының тарылуы мүмкін.

Лазермен жұмыс істейтін науқастардың көбінде хрусталиктің әртүрлі қабаттарындағы бірен саран немесе көптеген лайланулар анықталынады. бұлар арнайы өзгерістерге жатпайды, және көптеген жағдайларда әртүрлі жастағы топтарда кездеседі. Бірақта аз қарқындылықтағы лазерлі энергияның сүлелі әсерінен хрусталиктің субкапсулярлы аймағында ұсақ нүктелі немесе сызықты бұлдыраулар болуы мүмкін, ол хрусталиктің мезгілінен ерте қартаюына әкеледі.

Тура немесе айналы көріністі лазерлі шоғырлармен адам терісінің зақымдануларының сипаты әртүрлі болады. Ауыр жағдайларда электр тоғы кезіндегі электрокоагуляциялық күйіктерді еске түсіретін күйіктер болуы мүмкін немесе тері жабындыларының жыртылулары және толық бұзылыстары болады. Жеңіл жағдайларда тері ішілік ферменттердің қызметтерінің белсенділігінің және терінің электрлік өткізгіштігінің немесе сәулеленеген жерде жеңіл эритеманың дамуы болады.

Лазермен жұмыс істейтін науқастардағы бұзылыстар көру ағзалары және тері жабындыларындағы өзгерістермен ғана шектелмейді. Оларда нерв және жүрек тамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылыстары, бірқатар биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштердің өзгерістері болады. Алайда, лазермен жұмыс істеген кезде пайда болған ығысулардың барлығын кәсіптік ауруларға жатқызуға болмайды.

Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі кездесетін клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс стаждарының ұлғаюларына байланысты науқастарда гипертониялық ауру дамуы мүмкін.

Лазермен жұмыс істейтін жұмысшыларға тән шағымдарға жоғары шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жұмыс күнінің соңында өзін нашар сезіну жатады. Обьективті бұзылыстарға келетін болсақ, жоғарғы тітіркендіргіштік, жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, басының ауруы және жиі бас айналу, сонымен қатар жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер мен сұққылап ауырсынулар болады. Осы шағымдардың сипаты бойынша, олардың көбі ОНЖ қызметінің бұзылыстарына, жүрек дистониясына негізделген.

Обьективті неврологиялық симптомдар негізінен сіңір рефлекстерінің пайда болуымен, қол треморларымен, дермографизмнің тежелуі немесе күшеюімен, жалпы және жергілікті гипергидрозбен көрінеді.

Лазермен жұмыс істейтіндерде орталық генездің басымдылығымен вестибулярлы анализаторлардың қызметтерінің бұзылыстары анықталынады. осы вестибулярлы бұзылыстар әдетте есту ақауларымен қатар тепе теңдіктің бұзылуларымен және бастың айналуымен сипатталады.

Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары пульс және АҚ тұрақсыздығымен сипатталады. Жиі аритмия анықталынады, аускультацияда жүрек ұшынан жүрек тонының тұйықталуы естіледі.

Шеттік қанда эритроциттердің санының күрт жоғарлауы, сирек ретикулоциттердің жоғарлауы, түсті көрсеткіштермен гемоглобин деңгейлерінің шамалы төмендеуі, аз мөлшердегі лейкоцитоз анықталынады. стажы жоғары жұмысшыларды қанның қызыл түйіршіктерінің сандық емес сонымен қатар сапалық өзгерістеріде байқалады, яғни эритроциттердің диаметрі мен көлемінің өзгеруі, эритроциттердегі қышқылдық фосфатазасының белсенділігінің жоғарлауы. Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер шамалы тромбоцитопения, протромбин құрамының төмендеуі, қан ағу уақытының ұзаруы түрінде көрінеді.

Бірқатар ферменттер мен медиаторлардың(холинэстераза, гистамин, сілтілі фасфатаза, катехоламин) белсенділігінің өзгерістері, белок, май, көмірсу және минералды алмасулардың айқын ығысулары биохимиялық зерттеулер кезінде анықталуы мүмкін.



Емі. Аурудың бастапқы кезінде арнайы дәрілік ем қажет емес, ол ддемалыс және еңбек тәртібін сақтаған кезде қайтады. Айқын көріністер кезінде науқастар амбулаторлы немесе стационарлық емді қажет етеді.

Симптомды және комплексті ем ағзаның қызметтерін қалыптастыруларға бағытталған. Дәрілік емді(седативті, транквилизаторлар) бас ауруын немесе бас айналуын қайтаратын, вегетотамырлық бұзылыстарға негізделген (галбваниялық жаға, массаж және т.б физиоемдік процедуралармен кезектестіру керек. Невростениялық синдромдар кезінде сумен жасалынатын физиоемдік процедуралар нәтижелі (жалпы ванна, душтар). Құрамында витаминдері жеткілікті жоғары калориялық диета тағайындалады. Ем еңбек және демалыс тәртіптерімен сәйкес келуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет