5.3 Өндірістік жарақат алуды азайту жолдары
Бірнеше жыл ішіндегі өндірістік жарақат алудың себептерін талдау, қауіпсіздік ережелері мен шараларын қасақана бұзушыларды анықтау, қауіпсіздік техникасының күйін тұрақты бақылау, еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау саласында қол жеткен табыстары үшін жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлерді моральдық әрі материалдық ынталандыру, әрбір жазатайым оқиғаны залал шеккен адамды (егер ол госпитальға жатқызылмаса) қатыстыра отырып мұқият тексеру әрі талдау жасау өндірістік жарақат алуды азайтудың негізгі жолдары болып табылады.
Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы ережелер мен нұсқауларды жеке адамдардың бұзуы нәтижесінде болады. Еңбекті коллективті түрде (цех, бригада, учаске) ұйымдастыру кезінде жарақат алу себептерінен сақтандыру оңай, өйткені әрбір қызметкер жолдасының бақылауында болады, егер қандай да бір ағаттық жіберілсе ол дереу түзетіледі.
Еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау мәселелеріне ұйымдастыру-техникалық шаралармен қатар
адамның психикалық-физиологиялық ерекшелігі, жұмыс уақытын пайдалану дәрежесі, т.б.
факторлар жатады. Көпшілік жағдайларда жұмыс күні өнімсіз пайдаланылады, көп уақыт
сенделіп жүруге, құжаттар толтыруға, аспап алуға және жеңіл-желпі ақауларды оңдауға, т.б.
кетеді.Сондықтан еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыруға баса назар аудару керек.
Еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау мәселесін жанжақты шешу кезінде өндірістік эстетика
мәселесінің маңызы арта түседі. Сондықтан да жаңа осы заманғы машиналар жасауға
психологтар, дәрігерлер, суретшілер қатыстырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |