3.12 Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құжаттамасы
3.12.1 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу әрбір бөлімшенің құрылымынан, олардың міндеттері мен құқықтарынан, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мен бақылау процестерінен, түгел құрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бөлімшелердің арасында қажетті байланыстардан тұратын өзара байланысты әдістемелік құжаттар кешенін жасаумен аяқталады.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құжаттарын енгізу басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
3.12.2 Жүйені құжаттармен қамту дәрежесі барынша аз және мыналарға:
а) кәсіпорын қызметінің сипатына, түріне және оның ауқымына;
б) ұлттық заңдардың, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, тиісті міндетті талаптарға;
в) қызметкерлердің құзыреттілігі мен қабілеттілігіне байланысты болуы тиіс.
3.12.3 Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құжаттары мыналарды:
а) еңбекті қорғау тұжырымдамасын (саясатын);
б) еңбекті қорғау саласындағы мақсаттарды;
в) еңбекті қорғау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі басты басқарушылық міндеттерді бөлуді;
д) кәсіпорын қызметінен, туындайтын негізгі қауіп-қатерлер мен тәуекелдердің тізбесін, олардың болдырмау және оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды;
е) басқару жүйесінің аясында пайдаланылатын ережелерді, рәсімдерді, әдістемелерді, нұсқаулықтарды не басқа да ішкі құжаттарды;
ж) тексерулер, бақылау мен талдаулар кезінде жасалатын жазбаларды, тексерулер мен тергеу актілерін, кеңестер мен өлшеулердің хаттамаларын, қарап тексеру мен нұсқама берулердің журналдарын қамтиды.
3.12.4 Барлық құжаттардың көшірмелерін оларды пайдаланатын жерлерде есепке алып, орналастырады. Күші жойылған құжаттар бұдан әрі оларды ойламай пайдалануды болғызбайтын шаралар қабылдана отырып, айналымнан алынып тасталады.
3.12.5 Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құжаттамасын:
а) ұғымды және түсінікті түрде рәсімдеп, мазмұндау;
б) кезең-кезеңімен талдап, ал қажетіне қарай, уақтылы түзету;
в) оңай қол жеткізетін жерге қою керек.
3.12.6 Еңбекті қорғау жөніндегі жазбаларды:
а) жүйелі түрде жазу және оңтайландыру;
б) оларды оңай айқындау мүмкін болатындай рәсімдеу;
в) белгіленген мерзімге сәйкес сақтау;
г) пайдалану үшін қолайлы жерлерде сақтау керек.
3.12.7 Қызметкерлердің құпиялылық талаптарын ескере отырып, олардың өндірістік қызметі мен денсаулығына қатысты жазбаларға қол жеткізу құқығы болуы тиіс.
3.12.8 Еңбекті қорғау жөніндегі жазбалар:
а) еңбекті қорғауды басқару жүйесін қолдану практикасынан туындайтын мәліметтерді;
б) жұмыспен байланысты жарақаттар, денсаулықтың нашарлауы, аурулар мен оқыс оқиғалар туралы мәліметтерді;
в) ұлттық заңдардың немесе еңбекті қорғау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын;
г) зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсері және өндірістік орта мен қызметкерлер денсаулығының жай-күйін байқау (қадағалау) туралы деректерді;
д) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін қадағалау нәтижелерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |