3.15 Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар
Еңбекті қорғау тұжырымдамасына сәйкес және бастапқы әрі кейінгі талдаулардың негізінде стратегиялық қолжетімді және нақты мақсаттарға бөле отырып, еңбекті қорғаудың нақты қолжетімді мақсаттарын белгілеген жөн. Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар кәсіпорынның жалпы, сол сияқты ерекше, кәсіпорындағы жекелеген құрылымдық бөлімшелер мен басқару деңгейлеріне тән проблемаларды қамтуға, еңбекті қорғау саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар:
а) қауіпті және өндірістік факторлардың деңгейлерін төмендету;
б) қызметкерлерді неғұрлым сапалы ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету;
в) қызметкерлерді оқыту;
г) сапалы медициналық қарауларды жүргізу;
д) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің рәсімдері мен құжаттарын жетілдіру;
е) еңбек жағдайларын жалпы жақсарту шаралары.
Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар қызметкерлердің назарына жеткізілуі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың жоспарларында нақтылануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |