3.16 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу және қолдану кезеңдері
3.16.1 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу және қолдану, оның нәтижелі әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданылып жүрген еңбекті қорғауды басқару жүйесін жақсарту мыналарды:
а) осы кәсіпорында қолдануға болатын еңбекті қорғау талаптарын қоюды;
б) кәсіпорынның еңбекті қорғау саласындағы тұжырымдамалары мен мақсаттарын әзірлеуді;
в) еңбекті қорғау саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жауапкершіліктерді қоюды;
г) еңбекті қорғау саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды бөлуді және олармен қамтамасыз етуді;
д) авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қажетті құралдарды белгілеуді;
е) еңбекті қорғауды басқару жүйесін үнемі жақсарту процесін әзірлеу мен қолдануды қамтитын бірнеше кезеңдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |