Сағаттың деңгейі – 2сағат.
4.1 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі /ЕҚСЖ/
ЕҚСЖ – адамның еңбек ету процесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыздандыру, қауіптілікті болдырмау, денсаулық пен еңбек қабілеттілігін сақтауға бағытталған талаптарды, нормалар мен ережелерді қамтамасыз ететін өзара байланысқан стандарттау кешені./бұл кезде еңбек заңдары стандартпен реттелмейді, керісінше стандарттау заңға сәйкес түзеледі дағы заңмен бекітіледі/.
ЕҚСЖ мақсаты болып еңбектің қауіпсіз жағдайларын стандарттау аймағындағы
өзара қатысушы Мемлекеттер арасындағы келісілген саяси келісім шарттардың стандарттар кешенін бекіту.
ЕҚСЖ өз өкілеттігінен тыс атқарушы билік органдарымен бекітілген еңбекті қорғаудың мемлекеттік талаптары, соның ішінде нормалар мен ережелерді қамтамасыз ететін құқықтық нормативтік актілер әрекетін жоққа шығармайды.Атқарушы билік органдарымен бекітілген еңбекті қорғаудың мемлекеттік талаптарын, нормалар мен ережелерді қамтамасыз ететін құқықтық нормативтік актілер ЕҚСЖ стандарттарымен өзара байланыста болуы шарт.
ЕҚСЖ стандарттарының талаптары таралу аймағының белгіленген стандарттар мен техникалық шарттарында, нормативті-техникалық, сондай-ақ конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттарында ескерілуі тиіс.
1-кесте ЕҚСЖ кестеде келтірілген топтарды қамтиды
Топтың шифры
|
Топтың атауы
|
0
|
Әдістемелік-ұйымдастыру стандарты
|
1
|
Өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың түрлеріне байланысты талаптар мен нормалардың стандарты
|
2
|
Өндірістік жабдықтарға қауіпсіздікті талап ету стандарттары
|
3
|
Өндірістік процесте қауіпсіздікті талап ету стандарттары
|
4
|
Жұмыскерлерді қауіптіліктен қорғау құрал-жабдықтарының стандарттары
|
«0» тобындағы стандарттар орнатады:
Еңбектің қауіпсіздігі аймағындағы әдістемелік –ұйымдастыру стандартының негіздері (мақсаты,міндеті және жүйелік құрылымы, ЕҚСЖ стандарттарын сақтауды енгізу және оны бақылау, еңбек қауіпсіздігі саласындағы терминологиялар, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар классификациясы және т.б.); өндірісте еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру талаптары (ережелері) - (жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне үйрету, қызметкерлер құрамын аттестациялау, еңбек қауіпсіздігінің жәй-күйін бағалау әдістері және т.б.).
«1» тобындағы стандарттар орнатады:
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлердің түрлеріне байланысты белгіленген талаптар және олардың параметрлері мен мінездемелерінің шектеу қойылатын мағыналары; қауіпті және зиянды өндірістік факторлердің нормалаушы параметрлері мен мінездемелерінің бақылау әдісі; қауіпті және зиянды өндірістік факторлерден жұмысшыларды қорғау әдістері.
«2» тобындағы стандарттар орнатады:
Өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары;
Өндірістік жабдықтардың жекелеген топтарына (түрлеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптары; қауіпсіздік талаптарын орындау әдісін бақылау.
«3» тобындағы стандарттар орнатады:
Өндірістік процестерге қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары;
Технологиялық процестердің жекелеген топтарына (түрлеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптары; қауіпсіздік талаптарын орындау әдісін бақылау.
«4» тобындағы стандарттар орнатады:
Қорғаныс құралдарының жеке топтарына, түрлеріне және типтеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары; қорғаныс құралдарын бақылау және бағалау әдістері; қорғаныс құралдарын жіктеу.
ЕҚСЖ мемлекеттік стандарты индекстен(МЕСТ/ГОСТ/) , алғашқы екі саны (12) ЕҚСЖ комплексінің стандартына жататын тіркеу нөмірі, нүктемен белгіленген келесі сандар стандарт тобын және одан кейінгі үш сан – топтағы стандарттың реттік нөмірін көрсетеді. Сызықша арқылы стандартты бекіткен жылы көрсетіледі.
ЕҚСЖ стандарттаудың объектілері болып еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыздан- дыруға бағытталған ережелер, нормалар және талаптар табылады:
1. Еңбек қауіпсіздігін стандарттау жүйесінің негізгі жағдайы;
2. Еңбек қауіпсіздігін метрологиялық қамтамасыз ету;
3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жіктеу;
4. Еңбек қауіпсіздігі аймағындағы негізгі ұғымдардың терминдері мен анықтамалары;
5. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлеріне қарай қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары (электрқауіпсіздігі, өрт және жарылыс қауіпсіздігінің жалпы талаптары және т.б.), сондай-ақ жұмысшыларды осы факторлардан қорғау әдістері;
6. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нормаланған параметрлерінің бақылау әдісі;
7. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерінің мүмкін болатын мәндері;
8. Өндірістік жабдықтарға және өндірістік жабдықтардың топтарына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындауды бақылау және бағалау әдістері;
9. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін, өндірістік жабдықтар кешеніне жалпы қауіпсіздік талаптары мен бақылау әдістері.
10. Өндірістік процестерге және технологиялық процесс түрлеріне жалпы қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындаудың бақылау әдістері;
11.Жұмысшылардың қорғану тәсілдерін жіктеу;
12.Жұмысшылардың қорғаныс құрал-саймандарының түрлеріне және олардың жіктелуіне /класстарына/ қойылатын жалпы техникалық талаптар;
13.Жұмысшылар құрал-саймандарының қорғаныстық және гигиеналық қасиеттерін бақылау және бағалау әдістері;
14.Жұмысшылардың қорғаныс құралдарының түрлері және олардың сапалық көрсеткіштерінің номенклатурасы;
15. Жұмысшылардың қорғаныс құралдарындағы маркаларына жалпы талаптар;
16. Қауіпсіздіктің түстік және белгілік ерекшеліктерінің талаптары;
17.Өндірістік жабдықтарды, өнеркәсіптік қалдықтар мен материалдарды пайдаланудағы жалпы техникалық қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ осы қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау және бағалау;
18. Мемлекет аралық – Келісім қатысушыларының ұсыныстарымен енгізілген стандарттаудың өзге объектілері.
Қажет жағдайда Мемлекеттік - Келісім қатысушылары 0, 1, 2, 3, 4 топтардағы ЕҚСЖ ұлттық стандарттарын дамыта алады және ЕҚСЖ-ның мемлекет аралық стандарттарын нақтылайды.
ЕҚСЖ ұлттық стандарттары мемлекет аралық ЕҚСЖ стандарттарымен сәйкестендірілуі керек және олардың талаптарын бұзбайды, сонымен қатар құзыреттілігіне жататын сұрақтар бойынша атқарушы билік органдарымен орнатылған қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтау.
/тақырыпқа қосымшалар/
Достарыңызбен бөлісу: |