Сабақ тақырыбы : Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; және 0,1; 0,01; 0,001; сандарына көбейту және бөлу



бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#170453
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Саба та ырыбы Онды б лшектерді 10; 100; 1000; ж не 0,1; 0,01

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Орынбасарова А.Қ.

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; ... және 0,1; 0,01; 0,001; ... сандарына көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

І. Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында қайталауға ауызша жаттығулар ұсыну, өзін-өзі бағалау

  1. 0,6 · 4; 0,05 · 6; 0,08 · 9; 0,25 · 4; 0,5 · 8

  2. 0,6 : 2; 0,8 : 4; 7,2 : 9; 0,12 : 4; 0,35 : 7

ІІ. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын айқындау және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау


Сабақтың ортасы

6-8 мин.


5 мин.

5-7 мин.

10 мин.

5 мин.


І. Оқушыларды 3 топқа біріктіру.
ІІ. Топтарға тапсырмалар ұсыну.
Әр амалдың нәтижелерін алғашқы ондық бөлшекпен салыстыруды сұрау. Оқушыларды үтірді «жылжыту» туралы қорытынды жасауға бағыттау. Оқушыларға ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 сандарына көбейту ережелерін тұжырымдауды ұсыну.

  1. Амалдарды орындаңдар:

1-топ
3,567 · 100 = 3,567 :0,01 =
0,0112 · 100 = 0,0112 : 0,01 =
56,02 · 100 = 56,02 : 0,01 =
2-топ
3,567 · 10 = 3,567 :0,1 =
0,0112 · 10 = 0,0112 : 0,1=
56,02 · 10 = 56,02 :0,1=
3 -топ
3,567 · 1000 = 3,567 : 0,001=
0,0112 · 1000 = 0,0112 : 0,001=
56,02 · 1000 = 56,02 : 0,001 =
Әр топтың тұжырымдамасын тыңдау, артынан мұғалім қорытынды жасайды.
ІІІ. Келесі тапсырманы орындау жұптық жұмыс арқылы іске асады.
Есептеңдер:

  1. 85,3 ∙ 0,01 =

12,71∙ 0,1 =
3514 ∙ 0,001 =

  1. 85,3 : 100 =

12,71: 10 =
3514 : 1000 =
Екі тапсырманың жауаптарын салыстыру арқылы оқушылар бір тұжырымға келеді, басқа жұптармен ауысып, қорытындыларымен бөліседі.
Мұғалім тағы бір қорытындылайды. Ережені қайталайды.
ІV. Бекітуге есептер ұсыну (ауызша):
Дұрыс жауаптарын шығару арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беру
Бағалау критерийлері бойынша бағаланады:
-ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; ... және 0,1; 0,01; 0,001; ... көбейтуді орындай алады;
- ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; ... және 0,1; 0,01; 0,001; ... бөлуді орындай алады;
- ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; ... және 0,1; 0,01; 0,001; ... көбейту және бөлу ережелерін қолдана алады.
1. Есептеңдер:
а) 3,705 · 10 =
б) 22,7 : 10 =
в) 2,35 · 100 =
г) 0,0058 · 1000 =
д) 48,5 : 100 =
е) 5,6 : 1000 =
2. 0,7; 0,07; 0,007 және т.с.с.
«осы тізбекті жалғастыруға бола ма?». Егер «болса», заңдылықты атау.
3. Қатені табыңдар :
а) 54,26 : 10 = 542,6
б) 0,5162 · 100 = 516,2
в) 740 : 100 = 74
г) 4,2 · 1000 = 420
4. Нәтижесі натурал сан болатындай ондық бөлшекті қандай санға көбейту керек?
7,1; 0,5; 3,52.
5. «Дөңгелек» тапсырмасы
Әр оқушы таза параққа өз есімін жазып, сағат тілімен бағыттас көршісіне береді және сағат тіліне қарсы көршісінің парағын алады. Параққа ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 сандарына бөлуге берілген кез-келген тапсырма жазады. Жазылған мысалды тағы сағат тілімен бағыттас көршісіне береді. Осылайша оқушы өзінің аты жазылған парақты алғанша жалғасады. Өз парағын алған оқушы ондағы жазылған тапсырмалардың барлығын орындайды. Есептеулерді орындап болғаннан кейін көршісіне тексеруге береді.

6. Жеке жұмыс:










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет