І.Ұйымдастыру кезені
ІІ. Психологиялық дайындық
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сөзі
ІҮ. Өткенге шолу.
а) Ой қозғау.
Мұғалім сөзі:
1-ші арал.
«Не оқып, не білдік?»
ауызша
Ү. Мағынаны тану сатысы.
Топпен жұмыс.
2-ші арал
«Сен білесің бе?» аралы
«Бәйге ойыны.»
ауызша
Өздік жұмыс.
Дәптермен жұмыс
3-ші
«Ізденушілер» аралы.
Ой толғаныс
4-ші арал
«Біліп ал да, ұғып ал!»
Сергіту сәті.
5-ші
«Демалыс» аралы
Қорытынды бөлім.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
6-ші «Білім» аралы.
3. Үйге тапсырма.
|
Сабаққа дайындық, оқушылардың зейінін тұрақтандыру.
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз – дей отырып, сабаққа қызыға кірісеміз біз.
Бүгін біз «Білім аралына» саяхатқа шығамыз. Онда білім кілті жасырылған, яғни бүгінгі біздің еңбегіміздің бағасын сол аралдан табамыз. Оған дейін біз бірнеше аралдардың тапсырмасын орындауымыз керек.
· Бүгінгі сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
-Балалар, аралдағы тапсырмаларды орындау алдында біз аздап ой ұштап алайық.
v Берілген сөздердегі дыбыстарды өзгерту арқылы бірнеше сөз жаса.
· ТОР- тар, тер, тур, тұр
. ҚАЛ- қас, қар, қан, қап
. ҚОЛ- құл, қыл, қал
· Өзгерген сөздердің мағынасын ашу мақсатында сөйлемдер құрау.
М-лы: Торда 3 қоян отыр. Ол ауылдың көшелері тар екен. Кеше мектепішілік олимпиаданың ІІ туры өтті.Терезеден күннің сәулесі түсіп тұр.
-Сен бүгін үйде қал.Екі үйдің арасы қас-қабақ арасындай. Қар жауып тұр.Қанның түсі қызыл болады.Бір қапта жүз центнер.
-Қолынды жуып жүр. Қарлығаш балапандарын жылқы жылымен байлап қояды екен.Маған ермей оснда қал.
? – Осы сөздерден нені аңғардыңдар? (сөздегі дыбыстың өзгеруінен оның мағынасының да өзгеретіндігі).
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте – дей отырып, бүгін біз білімдерімізді сарапқа саламыз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз.
Бірінші топ –«Антонимдер»;
Екінші топ – «Синонимдер»;
Үшінші топ- «Омонимдер».
Бірінші топ –«Антонимдер»;
1.Сөз таптарына нелер жатады?
- Зат есім дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
Екінші топ – «Синонимдер»;
2.Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
Үшінші топ- «Омонимдер».
3.Сөйлемнің түрлерін атау және тағы қандай мүшелер бар?
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
-Қыстырма сөздер деген не?
Әр топқа тапсырма беріледі.( Әр топ өз плакаттарына орындап тақтаға іліп қояды. Топ басшысы жауап береді)
І. Антоним
Шарты:Сөздегі әріптерін байланыстырып сөз жасау және антоним сөздер ойлап табу.
Қызғалдақ –лақ,қыз, ылғал, ал, дақ,қал,ақ,ала, адал,қақ,қыл.
Антоним: ылғал-құрғақ, ал-сал,қал-бар,ақ-қара,адал-арам,
ІІ. Синоним
Шарты: «ДАНА» сөзіне байланысты мына әріптерден басталатын мәндес сөздер ойлап табыңдар.
О... ,ғ... , б ... , д ... , а ... , к... .
ОЙШЫЛ, ҒҰЛАМА, БІЛІМДІ, ДАНЫШПАН, АҚЫЛДЫ, КЕМЕҢГЕР.
ІІІ. Омоним
Шарты: омоним сөздер тауып жаз
Жастық, түс,қас, жаз, жақ,ара, қара, қой, ат, алма,өкпе, аула,бас,түбір, бет,кілт.
І. Антоним
Антоним сөздер деген не?
а) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы
ә) Бір-біріне қарсы мағынада айтылатын
б) Бір-біріне мағыналары қарама-қарсы
Антоним (мысал)
а) кең-тар
ә) ақ-қара
б) жарық-қараңғы
в) үлкен-кіші
г) ыстық-суық
ІІ. Синоним
Синоним сөздер деген не?
а) Мағыналары бір-біріне жақын
ә) Мағыналары өзара мәндес
б) Дыбысталуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын
в) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын
г) Жазылуы бөлек, өзара мағыналас
Синоним (мысал)
а) салмақты, сабырлы, байыпты, байсалды
ә) маңай, төңірек, айнала.
б) келбет, көрік, шырай
в) әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы
ІІІ. Омоним
Омоним сөздер деген не?
а) Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі
ә) Дыбысталуы бірдей, мағыналық байланыс жоқ
б) Дыбысталуы жағынан бірдей, мағыналары әр басқа
в) Бірдей дыбысталып, түрлі мағына білдіретін
Омоним сөздер
Көш, жаз, қас, алма, бөлме, қос
Көркем жазу
Таратпа материал.
І. Антоним
Тапсырма:Көп нүктенің орнына сол сөзге қарсы мәндес сөздер тауып жаз.
Батыл- (қорқақ)
Жақсылық-(жамандық)
Күн-(түн)
Тақ-(жұп)
ІІ. Синоним
Тапсырма: Көп нүктенің орнына сол сөзге мәндес сөздер тауып жаз.
1. ӘДЕМІ, ажарлы, көркем, сұлу, келбетті,көрікті
2. ЫНТЫМАҚ, бірлік, бейбітшілік, достық.
3. АЛҒЫР, ұғымтал,зерек
ІІ. Омоним
Тапсырма: Көп нүктенің орнына жазылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер тауып жаз.
Жастық, түс,қас, жаз, жақ,ара, қара, қой, ат, алма,өкпе, аула,бас,түбір, бет,кілт.
v «Суреттерді сөйлет». Экранға назар аудару.
(суретТүйе) боздап, (сурет қой) қоздап -қорада шу,
(суретКөбелек) пен (сурет құстар) да сайда ду-ду.
(суретГүл) мен (сурет ағаш) майысып қарағанда,
Сылдыр қағып, бұраңдап ағады (сурет)су.
- Бұл қай өлеңнен келтірілген үзінді, авторы кім? («Жазғытұры» Абай.)
І. Антоним
v Мақалдың мәнін түсіндір. Қарсы мәндес сөздерді тауып, мәндес сөздер таңдау арқылы түсіндір.
Жомарт дос көбейтеді, (қолы ашық, кең, дархан )
Сараң мал көбейтеді. (аямшақ, іші тар)
ІІ. Синоним
v Мақал-мәтел ой ұштар.
«ЖАҚСЫ» сөзіне қатысты мақал-мәтел айту.Мұнда «жаман», «сөз» «жақсылық», «Ай мен Күн» сөздерін қатыстырып, 4 мақал-мәтел айту.
1. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
2. Жақсы сөз – жарым ырыс.
3. Жақсы – Ай мен Күндей, бәріңе бірдей.
4. Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
ІІІ.Омоним
«БІЛІМ»сөзіне қатысты мақал-мәтел айту.Мұнда «кітап», «қымбат», «жібек», «сөз» сөздерін қатыстырып, 4 мақал-мәтел айту.
1. Кітап – білім бұлағы.
2. Білім – қымбат, білу – қиын.
3. Білімдінің сөзі жібектей, білімсіздің сөзі – білектей.
4. Білімдіден шыққан сөз, ақылдыға болсын кез.
Аралда жасырылған сандық ішіндегі сыйлықтар арқылы математикалық есеп шешуін таба отырып, өз бағаларын анықтау. 25: 5, 500:100, 4000:1000
Үйге тапсырма беру. Антоним, синоним, омоним сөздері бар әңгіме құрастыру.
|