Сабақ тақырыбы: 20 ғасырдың екінші жартысындағы Кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары


Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс»



бет5/14
Дата30.12.2021
өлшемі258,6 Kb.
#106805
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ТАРИХ 6ТАП ҚОНАШ Г (1)

Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.

Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады.Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. Әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. Жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.

20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.



3. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер, Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім беру жүйесі, Жоғарғы арнаулы Орта кәсіптік техникалық білім беру жүйесі, Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.

Әдебиетте даму жағдайында болды. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы оған бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастарының басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтің – «Қазақ солдаты» тағы басқа шығармаларымен поэзияларда көркемдік бейнесін тапты. Соған қарамастан 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын қазақ әдебиеті оқулықтарының басылымдарын алып тастауғы» бұйрық берілді. Осы жылы « Абай мектебі аталатын буржуазиялық объективтік тұжырымның ғылымға қарсы » екендігі жарияланды. Ұлы Абайдың есімінің аталуына тыйым салу қаупі пайда болды. Сондай – ақ «Ер – сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларды басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды: цензура күшейді, Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы шығару Главлит рұқсатымен ғана шығарылды. М.Әуезовтің Абай романы «ұлтышлдық пен байшылдық» мағынада жазылған деп, қайта жазылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет