Сабақ тақырыбы: 3D графикалық жүйесінде сызба орындау. Модуль /пән атауы



Дата03.02.2022
өлшемі151,5 Kb.
#130623
түріСабақ
Байланысты:
3D графикалық жүйесінде сызба орындау.


ТЕМІРТАУ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған
ПЕДАГОГІНІҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ тақырыбы: 3D графикалық жүйесінде сызба орындау.




Модуль /пән атауы

Информатика пәні бойынша

Дайындаған педагог

Туяа Кунсауле

«__»__ 2021_ жыл

Қатысқандар саны:




Қатыспағандары:







1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: 1курс, ЭМ -21, ТДМ-21, ТОРА-21, СЭЗС-21

Сабақ типі: Дәріс оқу

2. Мақсаты, міндеттер:

3D графикалық жүйесінде сызба орындауды үйренесіздер.

2.3 Сабақ жоспары:




2.4 Оқу сабағының барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

MS Access бағдарламасын қолданып кесте құру және бастапқы кілтін анықтайды .Түсінеді, талдайды, қажет болған жағдайда білімін қолданады.

Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау барысында логикалық ойлауды дамытуға ықпал ету.

Тілдік мақсаттар

Win2000 SP2,

WinXP SP1.

Pentium II процессоры, тактілік жиілігі 450 МГц .


Қүндылықтарды дарыту

Ұқыптылық, өзін –өзі бағалау.

Пәнаралық байланыс

Математика жаратылыстану бағыты.

Негізгі дағдылары




Бастапқы білім




3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Н.С. Кольева, Е.В. Шевчук Информатика

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Интернет, компьютер.

4. Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Мақсаты. Бағалау критерийлері

Ресурстар

4.1 Сабақтың басы

(ұйымдастыру кезеңі, үй жұмысын орындауды тексеру, негізгі кезеңде білім алушылардың жұмысқа дайындығы)

Сәлемдесу

Қатысқандар белгіленеді

Жұмысқа дайындық








4.2 Сабақтың ортасы

(жаңа білімдердің және қызмет әдістерінің құрылуы, меңгерген материалды түсінудің бастапқы тексерісі, жаңа мағлұматтарды және әрекет әдістерін бекіту, қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, білім мен әрекеттер әдісін меңгеруді бақылау және өзін-өзі бақылау)

Компас-3D графикалық жүйесінде сызба орындау

Машиналық графиканың қоғамның түрлі саласындағы орны. Машиналық графика – автоматты жобалау жүйесінің саласы. Компьютерлік технология заманында машиналық графика экономикада, электроникада, машина жасауда, ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылуда. Автоматты жобалау жүйесі – еңбекті жеңілдетіп қана қоймай, жобалау процессінің тиімділігін арттырады.

Машиналық графика сызбалардың жылдам орындалуын, дәлдігінің жоғарлауын, сызба сапасының жоғарлауын қамтамасыз етіп қана қоймай, сызбаларды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.

Қазір кең тараған автоматты жобалау жүйелеріне: Pro/ENGINEER (АҚШ), Auto Cad (АҚШ), Solid Works («Solid Works» фирмасы), Компас («Аскон», Ресей) және т.б. жатады.


Компас графикалық жүйесі.

Компас жүйесі қолданушыға обьектіні жеңіл енгізуге, түзетуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған.

КОМПАС-3D графикалық редакторында тиімді жұмыс жасау үшін IBM PC типіндегі компьютерлерін қолдану ұсынылады.

Ескерту.ОЖ ең төмен деңгейі:

 Win2000 SP2,

 WinXP SP1.

Жүйе орнатылып іске қосылу үшін қажетті компьютер конфигурациясы:

 Pentium II процессоры, тактілік жиілігі 450 МГц;

 128 Мб жедел жады;

 SVGA графикалық адаптер, видеожады 4 Мб;

 CD-ROM жетегі;

 қатты дискіде 100 МБ-тан кем емес бос орынның болуы;

 тышқан және клавиатура
Компас бағдарламасын іске қосу, бағдарлама интерфейсі.

Компас бағдарламасы келесі команда арқылы қосылады :Іске қосу (Пуск) – Бағдарламалар (Программы) – Аскон – Компас-3D (1 сурет).



(1 сурет)

Бағдарлама интерфейсі 2-суретте көрсетілген.

2-сурет


 Тақырып қатарында бағдарлама версиясының нөмірі, ағымдағы құжаттың аты, жүйе терезесін басқаратын батырмалар орналасады.

Басты мәзір қатарында - жүйе командалары орналасады. Басты мәзір құрамы ағымдаға құжат типіне байланысты.

Стандартты құрал-саймандар панелінде обьект және файлдарға орындалатын стандартты батырмалар орналасады.

Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде ағымдағы құжаттың көрінісін баптайтын батырмалар орналасады.

Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) – құжаттың ағымдағы жағдайын көрсетеді.
Құжат типтері.

 Компас бағдарламасында құжаттардың бірнеше түрлері бар. Әрбір типтегі құжатқа файлдың анықталған кеңейтілулері сәйкес келеді. Оның бірі сызбаға қатысты болса, басқасы үш өлшемді модельдеуге, үшіншісі мәтінге қатысты.

- Сызба (чертеж) – штамп және рамкасы бар сурет (сызба файлының кеңейтілуі cdw).

- Фрагмент – штамп және рамкасы жоқ көмекші құжат, кеңейтілуі frw.

- Мәтіндік құжат (текстовый документ) – мәтін жазылатын құжат, кеңейтілуі kdw.

- Спецификация - кесте түрінде рәсімделген құжат, құрастыру бөлшектері туралы ақпарат жазылады (кеңейтілуі spw).

- Сборка - әр түрлі детальдардан құрлған модель (кеңейтілуі a3d).

- Деталь – біртекті материалдан құралған модель (кеңейтілуі m3d).

- Графикалық қарапайымдарды құру.

- Байламды пайдаланып қарапайым командалар арқылы сызба сызу.

КОМПАС-3D бағдарламасының Фрагмент көмекші құжатында жеке парақ ретінде рәсімдеуді қажет етпейтін құжаттар сақталады.Фрагмент жұмыс терезесінің негізгі элементтері:

Тақырып қатарында бағдарлама версиясының нөмірі, ағымдағы құжаттың аты, жүйе терезесін басқаратын батырмалар орналасады.

Басты мәзір қатарында - жүйе командалары орналасады. Басты мәзір құрамы ағымдаға құжат типіне байланысты.
Құрал саймандар панелі

Стандартты құрал-саймандар панелінде обьект және файлдарға орындалатын стандартты батырмалар орналасады.

Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде ағымдағы құжаттың көрінісін баптайтын батырмалар орналасады.

Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) – құжаттың ағымдағы жағдайын көрсетеді.



Басты мәзір қатары



Стандарт құрал-саймандар панелі



Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде



Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелі

 

Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелі











4.3 Сабақтың соңы

(білім мен қызмет әдістерін түзету, сабақтың нәтижесін шығару)

Қорытынды шығару







5. Рефлексия (білім алушылармен)

Ауызша сұрақ-жауап

1. Спецификация дегеніміз не?

2.Компас дегеніміз не?

3. Құрал саймандар панеліне нелер жатады?



6. Үй тапсырмасы

Сызба орындау

Саралау – білім алушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары білім алушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы








7. Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Білім алушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақты саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




8. Оқытушының жалпы бағасы

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?




Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?




Сабақ барысында топ туралы немесе жекелеген білім алушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет