Сабақ тақырыбы: Абай «Қыс» өлеңі Жалпы мақсат



Дата10.10.2020
өлшемі106,18 Kb.
#64069
түріСабақ

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3

Мұғалімі: А.Ы.Ахметова

Сабақ тақырыбы:

Абай «Қыс» өлеңі

Жалпы мақсат:

Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. 3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы

Оқу нәтижесі:

-Бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауызекі тілде қолдана біледі;

- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;

- табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, интерактивті тақта, баспасөз материалдары

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:

СТО, сұрақ- жауап, диалог, «Топтастыру» стратегиясы.

Бағалау: формативті бағалау:»Бармақпен бағалау», «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

Жиынтық бағалау.

Жұмыс түрлері: жеке, топтық


Тапсырмалар:

1-тапсырма

Жұмбақ шешу



2-тапсырма

«Абай-дана, Абай –дара қазақта!»

Абай ата ағашын мәліметтермен толықтыру





3-тапсырма

«Сұрағы бар қорап»



4-тапсырма Топтық жұмыс

«Екі жақты түсіндірме күнделік», суретпен жұмыс , өлең мазмұнын қара сөзбен жеткізу









Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 минут)

Мұғалімнің іс-әрекеті

«Көңіл-күй» тренингі



Оқушының іс-әрекеті

Өлең шумағы арқылы бір-біріне сәттілік тілейді



Топқа бөлу

(3 минут)

1991, 25,16 даталары арқылы топқа бөлінеді

Оқушылар осы сандар бойынша топ құрайды.

І. Ширату

Ой қозғау

1-тапсырма

(5 минут)

Әр топқа берілген датаға байланысты ой пікірлерін ортаға салады



Интербелсенді тақтадан қыстың суретін көрсетемін. - Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді?

-Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

Жұмбақ шешу

- Ендеше, бүгін Абай Құнанбайұлы-ның “Қыс” өлеңімен танысамыз.

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындап, қорғайды

Шағын топтағы оқушылар топтаса отырып жұмбақтың шешуін табады

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.



ІІ.Мағынаны тану



«Абайды тану, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Қазақ халқын танытамыз.

Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс.»

( Н. Ә. Назарбаев)

«Абай-дана, Абай –дара қазақта!»

Абай ата ағашын мәліметтермен толықтыру

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың лирикасы

Лирика- адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін

білдіретін поэзия



Табиғат лирикасы- лирика жанрының бір түрі, ақынның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, суреттеуі арқылы танылатын өлең

Кейіптеу - жансызды жанды түрінде суреттеу

Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен, оқулықта берілген «Қыс» өлеңін видеороликтен тыңдату



«Сұрағы бар қорап»

-Ақын қысты кімге теңеген?
-Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?
-Неліктен оның ізі сықырлайды?


-Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер?
-Киім деп отырған не?


-Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
-Соқыр-мылқау деген себебі не?


-Түрі,түсі қандай?

-Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген?

Топтық жұмыс:

1-топ: «Екі жақты түсіндірме күнделік» әдісі

2-топ: Өлеңді шағын әңгіме түрінде жазу

3-топ: Өлең мазмұнын суретпен жеткізу

Оқушылар стикерге ақын туралы білетін мәліметтерін жазып,ағашқа жапсырады.



Жұмыс парақтарына кейіптеу, табиғат лирикасының анықтамарын,түсініксіз сөздердің мағынасын жазып алады

Видеоролик көру

Сұраққа жауап беру

Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындап, қорғайды.

Сергіту сәті 2 минут

«Қыс» өлеңінің мазмұнын қимылмен жеткізу

Қимылдар жасау арқылы қыс бейнесін көрсетеді.

Ой толғаныс

5 минут


Тақырыбы




Авторы




Жанры




Идеясы



«Әңгіме кестесі»

Кестені толтыру



V. Үй тапсырмасын беру

Өлеңді жаттау

Тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.

VI. Бағалау

Формативті бағалау

Жиынтық бағалау

Бағалауға қатысу



VII. Рефлексия

«Соңғы бес минут» стратегиясы арқылы сабақтан әсерлері туралы сұрау

Әр топтан бір оқушы сабақтан үйренгені туралы айтады. Қалған оқушылар оған сұрақ қоюға болады.



Неге қол жеткіздім?

Өлең мазмұнын түсіне алуға,автор туралы түсініктерін тереңдетуге,

өзін –өзі бағалау және басқа топ мүшелерін бағалау нәтижесінде өзіндік пікір қалыптастыруға; ЖАДА бойынша бірлесіп міндеттерді шешуге; Ассоциациалық оқыту арқылы нақты мәліметті жаңғыртуға қол жеткіздім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет