Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаев. «Он жетінші қара сөз»



Дата31.07.2017
өлшемі66,08 Kb.
#22393
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Құрастырушы: Ертаева А.Х.–қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пәні:

Қазақ әдебиеті



Сынып: 8

Мерзімі:




Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаев. «Он жетінші қара сөз».


Ресурстар

Оқулық, Электронды оқулық, интерактивті тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер

Негізгі мақсат

Абайдың 17-нші қара сөзінде айтылған ойды ұғыну, ақыл, қайрат, жүректің айтысы арқылы өз пікірі мен көзқарасын айта білу.

Оқу нәтижелері

Ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның пікірлерін түсініп талдай алады, Абайдың ойшылдығы, даналығын біліп, ұғынады.

Сабаққа қатысты құнды пікірлер

Абай шығармасындағы философиялық ойды тану, әр нәрсеге өз пікіріңді дәлелдей айта білуді ұғыну

Модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау. АКТ.Оқыту үшін және оқуды бағалау. Дарынды және талантты баланы оқыту.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Этаптар

Уақыт

Тапсырмалардың түрі және сабаққа қатысушылардың әрекеті

Бағалау процесі

1. Ұйымдастыру сәті-оқушылармен көңіл-күй жаттығуы. Топтарға бөлу.

1 мин

2 мин


1.Тренинг «Не үшін керек?» жаттығуы.

2.Қима қағаздағы сұрақтарға жауап беру арқылы 3 топқа бөліну. «Ақыл» тобы, «Жүрек» тобы, «Қайрат» тобы






2.Шақыру


3 мин

7 мин

2 мин



1.Электронды оқулықтан Абай өлеңін тыңдату. Оқушыларға сұрақ қою: Бұл кімнің өлеңі?

2.Үй тапсырмасы.

Жаттаған өлеңдерін айтады.

3.Топ атауларын неге байланыстырып қойды деп ойлайсыңдар? Ой тастау. Топ ішінен бір оқушы жауап береді.



«Өзге топты бағала» әдісі арқылы бағаланады.


3.Ойлану

1 мин

2 мин


15мин

5 мин


1.Білу.

-Қара сөз деген не? Абайдың неше қара сөзі бар?

Оқулықпен жұмыс:

2.Түсіну.

-Әр топтың алдында 17-нші қара сөзінің түйіні жазылған үлестірмелі карточка жатыр. Бұл қара сөзде неше кейіпкер бар екен? Олар кімдер?

3.Қолдану.

Әр топтан белсенді оқушыларды ғылым рөліндегі сарапшы топ қылып сайлау. Ол үшін сұрақтарға дәл, нақты жауап беретін оқушылар іріктеледі.

4.Талдау.

-«Қайрат» тобы: Қайраттың сөздерін ұғына оқу. Басты ойды анықтаңыздар.

-«Ақыл» тобы: Ақыл өз бағасын қалай түсіндіреді? .

-«Жүрек» тобы: Жүрек ғылымға не дейді? Сендер не айтар едіңіздер?

5.Жинақтау

Алдын ала дайындалған тілші рөліндегі оқушы әр топпен сұхбат өткізеді.

6.Бағалау

Абайдық әр кейіпкерге берген бағасы мен сендердің бағаларың үндесе ме? Барлық топ өз ойларын қорғайды.

Сергіту «Көзімнің қарасы» әнін орындау.



Табыс критерийі арқылы бағалау.

4.Рефлексия

5 мин

1.Конкурс ұйымдастыру. Оқушылар арасында қара сөзді мәтінге жуық айтып беру;

Өзінше, өз пікірінше айту.




Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.

Үй тапсырмасын беру:

1 мин

Шығарма жазуға дайындалып келіңдер: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе».




Кері байланыс

1 мин

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады


АЙТУШЫЛАР

ТЫҢДАУШЫЛАР

ШЫҒАРУШЫЛАР

«Конверт» ішіндегі сұрақтар:

«Айтушылар» тобына:

Абай Құнанбаевтың дүниеге келген жылы мен туған жері.

Абайдың білім алған жерлері.

Зере әже және Ұлжан ана.

«Шығарушылар» тобына:

Абай Құнанбаев кім?

Абайдың әкесі – Құнанбай.

Абайдың поэзияға енгізген жаңалықтары.

«Тыңдаушылар» тобына:

Абайдың қара сөздері.

Мұхтар Әуезов - Абай зерттеушісі.



Тапсырмалар:
1.Білу.

--Өлең не туралы?


2.Түсіну.Оқулықпен жұмыс.

-Не себепті ақын өлеңді «сөздің патшасы мен сарасына» теңейді?


Топтарға арналған тапсырмалар:

3.Қолдану.

1-топ. «Айтушылар»: Абай ән-жырды айтушылардың қандай болғанын қалайды? Сендердің ойларың ше?



4.Талдау.

2-топ. «Тыңдаушылар»: Өлеңнің 8-інші шумағын өлең құрылысына талдаңдар.



5.Жинақтау

3-топ. «Шығарушылар»: «Адамның кейбір кездері» өлеңін оқу арқылы өлең қай кезеңде туатынына ой түйіндеңіз.



6.Бағалау

Абайдың ақын, әнші, тыңдаушыға берген бағасы мен қазіргі ақын, әнші, тыңдармандарға баға беріңдер.



1-топ. «Айтушылар»: Абай ән-жырды айтушылардың қандай болғанын қалайды? Сендердің ойларың ше?
2-топ. «Тыңдаушылар»: Өлеңнің 8-інші шумағын өлең құрылысына талдаңдар.

3-топ. «Шығарушылар»: «Адамның кейбір кездері» өлеңін оқу арқылы өлең қай кезеңде туатынына ой түйіндеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет