Абай рөлінде актер Болат Әбдіманов ойнап, «Ең үздік актер» номинациясының жеңімпазы атанды. Абайдың өмірінің соңғы сәтіндегі көріністі көрейік. Қара сөздің шебері Абайдың 45-қарасөзін осы актер ғана оқып, үнтаспаға түсірілген.
Ән «Желсіз түнде жарық ай» бәріміз бірге шырқайық.
|
ІІ. Мағынаны ашу.
Топтық тапсырма
І. І кезең: «Абай әлеміне» шолу жасау
Ақынның ата-қоныс жері қандай?
Ата-баба, әулеті, тегі қандай?
Ақынды тебіренткен, күңіренткен,
Ұшқан ұя ортасы, елі қандай?
ІІ кезең.Абай айтқан асылдар.
Абайдың сөзінде,
Ұлылық ұйып тұр.
Ойлы, ақыл сезімге,
Бар қазақ сыйып тұр.
Абай өлеңдерін жатқа айту.
ІІІ кезең. Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім білгіш?» деген 7 сұраққа бірден жауап беру.
ІV кезең. «Жақсы сөз жалынды оттан шығады» Абай афоризмдерін жатқа айту, мағынасын ашу. (перфокартамен жұмыс)
|