Сабақ тақырыбы «Алмастың ағашы» Мархабат Байғұт Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі144,95 Kb.
#82790
түріСабақ
Байланысты:
Рината Әдебиеттік оқу 30.09.2020

Қысқа мерзімді жоспар




Пән: Әдебиеттік оқу



Мектеп: «Шәріптоғай негізгі мектебі » КМҚК

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Жанды табиғат

Машықкердің аты-жөні: Абдульменова Рината

Күні:30.09.2020

Қатысқандар саны:



Сынып: 3

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Алмастың ағашы» Мархабат Байғұт



Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

3.2.2.1 – шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:
Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.
Көптеген оқушылар:
Сюжеттің дамуында мәліметтерді ескереді және оқиға желісін сақтай отырып болжайды.
Кейбір оқушылар:
Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере отырып, шығармада болған оқиғаны өз өмірлерімен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

  1. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйене отырып, сюжеттің дамуын болжайды.

  2. Шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.

  3. Шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды және жоспар құрады.

Құндылықтар

Ынтымақтастық құндылығы топпен жұмыс жасау барысында жүзеге асады. Еңбек және шығармашылық құндылығы мәтіндегі кейіпкердің ағашты құтқаруын талдау кезінде іске асады.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті тақта

Бастапқы білім

Бау – бақша аясында.
Жеміс бағында. Бейсебай Кірісбайұлы. Жүзім жегісі келген қасқыр. (Ертегі)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал
Шаттық шеңберіне ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрғызып, бір-біріне кезек-кезек доп лақтырып жақсы тілектер айтқызу.
Топқа бөліну
1,2,3 реттік нөмірлеріне саната отырып, топқа бөліну.
І топ – 1 санын айтқан оқушылар
ІІ топ – 2 санын айтқан оқушылар
ІІІ топ – 3 санын айтқан оқушылар


Ой қозғау
Жұмбақ шешу
Өңсіз, дәмсіз, барша адам сіміреді.
Жинап әлді, бойға қуат сіңіреді. (ауа)

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • Таза ауаны біз қайдан аламыз?

  • Табиғатымыз әдемі, ауамыз таза болу үшін не істеуіміз керек?

  • Ендеше, бүгінгі сабағымызды бастайық.



Интерактивті тақтада мақал-мәтелдерді тауып сәйкестендіреді.

  1. Мәуелі ағаш майысқақ.

  2. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

  3. Қала жақсы болмағы ағашынан,

Бала жақсы болмағы нағашыдан.

  1. Бау-бақшаның қараусыз қалғаны –

Көк ағаштың отын болғаны.

  1. Ағашты жердің жердің ырысы мол,

Бауырмалдың тынысы мол.

  1. Ағашты жемісінен таниды,

Адамды ісінен таниды.





Сабақтың ортасы

Жаңа тақырып
Тапсырма №1 (Т) «Санадағы кинофильм» әдісі
Бұл тапсырмада оқушылардың көздерін жұмғызып, мәтіннің бастапқы бөлігін оқылады. Оқып жатқан мәтінді көз алдарына елестетіңдер. Мәтін оқуды тоқтатып, оқушылардан мәтінді тоқтаған жерімнен жалғастырып, одан әрі сюжеттің дамуын сұралады. Топ ішінде талқылатып, әр топтың ішінен жақсы ойлар айтылады.


Дескриптор_Оқушылар_мәтінді_тыңдайды._Мәтінді_көз_алдарына_елестетеді._Оқиғаның_әрі_қарай_дамуын_айтады._Қ.б._«Екі_жұлдыз,_бір_тілек»_әдісі'>Дескриптор
Оқушылар мәтінді тыңдайды.
Мәтінді көз алдарына елестетеді.
Оқиғаның әрі қарай дамуын айтады.
Қ.б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Топтар бір-біріне «Ең ұтымды екі сәт және одан әрі жұмысты толықтыру қажет» деген тілегін айтады.


Тапсырма №2 (Т) «Сұраққа жетіп ал» әдісі
Мәтіннің толық нұсқасын таратып, оқытамын. Оқылған мәтіннің мазмұнына байланысты топ ара шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. 1-ші топ – сұрақ қояды, 2-ші топ сол сұраққа жауап береді. Тізбектей 3 топтың сұрақтарын қойғызып, жауап алынады.


Дескриптор
Мәтінді толық оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Сұрақтар бойынша толық жауап береді.


Қ.б. «Бұрыштар» тәсілі
Оқушыларға мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қоямын және мүмкін болатын 4 жауабын сыныптың төрт жағына орналастырамын. Оқушылар өздері дұрыс деп шешкен жауаптың жанына барып тұрады. Таңдаған жауаптарын топтық жұмыста талқылап, өз көзқарастарын дәлелдейді.


Сұрақ: Кішкентай Алмасқандай ерлік жасады?

  • Ағашты оттан құтқарды.

  • Жазғы лагерьге барды.

  • Таңертең жүгірді.

  • Қариямен әңгімелесті.



Сергіту сәті «Заряд алу»
Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бірінші бастаған оқушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.


Тапсырма №3 (ЖТ) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
Оқушылар жұппен оқыған мәтіндерін бөліктерге бөледі. Сол бөліктерге ат қойып, жоспар құрады. Сәтті құрылған жоспарларын топ ішінде талдап, параққа жазады.


Дескриптор
Мәтінді бөліктерге бөледі.
Әр бөлікке ат қояды.
Мәтінге жоспар құрады.


Қ.б. «Галлереяны шарлау» әдісі
Қабырғаға жазылған жоспарлар ілінеді. Топтар кабинет ішінде еркін қозғалысқа түсіп, жазылған жоспарларды қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып, жабыстырып кетеді. Галлереяға саяхат аяқталған соң, әр топ өз жұмыстарына шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптап, талқылап, сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.
Үй тапсырмасы: әңгімені оқу, иллюстрациялық сурет салу.



https://www.google.com/search?q=%D0%B5%D0%BA%D1%96+%D0%B6%D2%B1%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D0%B7+%D0%B1%D1%96%D1%80+%D1%82%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BA&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwik_qypsujiAhUyposKHWjsB0oQ_AUIECgB&biw=1242&bih=597#imgrc=fDCypmZsn6Y2XM:

«Әдебиеттік оқу» оқулығы


Алматы «Атамұра» 2018ж. І-бөлім
жауаптары жазылған парақтар



Сабақтың соңы

Кері байланыс

  • Мәтін не туралы айтылған?

  • Мәтіннің негізгі кейіпкері қандай бала?

  • Сен Алмастың орнында болсаң не істер едің?



Рефлексия «Білім кемесі» әдісі
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығы сәтті орындалған болса, желкенді жасыл түске боя.
Егер сен сабақ барысында қиындық кездестірсең, желкенді сары түске боя.
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, онда жекенді қызыл түске боя.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет