Сабақ жүргізген мұғалімнің аты -жөні
|
Джұмадилова Әсем Айтмолдақызы
|
4- сынып
Ана тілі
хрестоматиясы
|
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қаспан орта мектебі-шағын орталығы
|
мерзімі
|
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Ананың асыл арманы (аңыз) Мағзұм Тиесов
|
Сілтеме
|
Блум таксономиясы, Ана тілі хрестоматиясы 4- сынып, П.Қ. Жаманқұлова, Г.С.Құрманбай, Ш.Т.Таубаева “Атамұра” 2011
|
Жалпы мақсаты
|
Білімділік. Мағзұм Тиесовтың «Ананың асыл арманы» атты аңыз әңгімесін оқып, түсінік беру. Мәтінге талдау жүргізе отырып автордың негізгі ойын анықтау.
Дамытушылық. Әңгіме желісіне орай оқушыларды ананы құрметтеуге, дүниедегі ең қымбат адам ана екендігін түсіндіре отырып, еңбекқор болуға, ынтымақтаса жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндай білуге үйрету. Шығармашылық қаблетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
|
Оқушылар үшін оқу нәижелері
|
Дүниедегі ең қымбат, ең асыл жан ана екендігін түсініп, ананы құрметтеуге үйренеді.
Білімін жүйелі пайдаланып үйренеді.
Мәтінді түсініп оқып, мазмұндай білуге үйренеді.
|
Негізгі мақсаты
|
Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру
Өзін-өзі реттеуді үйрету
Постермен жұмыс ұйымдастыру
Өз бетімен ізденіп, топпен жұмыс жасауға үйрету
|
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері
|
Жұпта жұмыс жасау, сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, бағалау.
|
Сабақ көрнекілігі
|
үлестірме парақтар, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар жазылған постерлер,бағалау парағы
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар Мағзұм Тиесовтың «Ананың асыл арманы» атты аңыз әңгімесін оқып, түсініп, мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын анықтайды.
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
|
Психологиялық дайындық. (барлығы хормен айтады)
Сөзіңізді тыңдаймыз,
Ойға тоқып, сақтаймыз,
Білім нәрін жинаймыз,
Деп сабақты бастаймыз.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бейджик арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу (1 мин)
|
1, 2, 3 және 4 топқа топтасады.
Бағалау критерийі:
Үй тапсырмасына берілген Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты мәтінін қайталау (мәтін соңындағы сұрақтар бойынша)
«Ой қозғау» сөзжұмбақ шешу. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын ашу. «Ананың қасиеттерін» топ арасында жазу, топтастыру, айту.
Мәтінмен жұмыс (Джигсо әдісі бойынша төрт топ мәтінді тұтас оқып, талдау жасайды.Әр топтан оқушылар шығып мазмұндайды)
Мәтінге жоспар құру (Әр топ мәтін бойынша өздері оқыған бөлікке ат қойып, жоспар құрады және әңгіме кестесін толтырады)
Постермен жұмыс (Оқушыларға берілген қағазға аналарына деген сезімдерін білдіру, қорғау)
Топтық жұмыс «Ананы барлық адамдар неге құрметтейді» тақырыбына эссе жазу.
Тақырыпты қорытып, ойын жинақтау
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу. 1. Үй тапсырмасын пысықтау 7 мин
Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша мәтінді мазмұндап айтады. Мәтінге қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді.
2.«Ой қозғау» тапсырмаларын орындайды ( тапсырмаларды орындау барысында сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады) 2 мин
|
Оқушылар топ арасында үйге берілген Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» мәтінінен түсінгендерін айтады. Мәтінге қатысты бір-біріне сұрақтар қояды.
«Ой қозғау» тапсырмасы бойынша берілген сөзжұмбақты шешеді, топ арасында «ананың қасиеттерін» топтастыра отырып, сабақтың мақсатын анықтайды.
|
Түсіну. Мәтінмен жұмыс 10 мин
|
Мәтінмен жұмыс (Джигсо әдісі бойынша төрт топ өздеріне мәтіннен берілген абзац бойынша оқып, талдау жасайды.Әр топтан оқушылар шығып мазмұндайды)
|
Қолдану Мәтінге жоспар құру 10мин
|
Мәтінге жоспар құру (Әр топ мәтін бойынша өздері оқыған бөлікке ат қойып, жоспар құрады және әңгіме кестесін толтырады)
Кестеде:
1.Әңгіменің аты
2.Авторы
3.Кейіпкерлері
4.Оқиға орны
5.Не үйретті?
|
Сергіту сәті 3 мин
Оқушыларға музыкалық сергіту қойылады.
|
Топтағы оқушылар орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуларын жасайды.
|
Талдау. Постермен жұмыс 5 мин
|
Постермен жұмыс (Оқушыларға берілген қағазға аналарына деген сезімдерін білдіру, қорғау)
|
Жинақтау. Топтық жұмыс
|
Топтық жұмыс «Ананы барлық адамдар неге құрметтейді» тақырыбына эссе жазу.
|
Бағалау. 3мин
|
Топтың бағаларын топ жетекшісі талдап айтады
Қорытынды бағаны шығару
|
Топты оқушылар келесі критерийлер бойынша бағалайды:
Үй тапсырмасына берілген Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты мәтінін қайталау (мәтін соңындағы сұрақтар бойынша)
«Ой қозғау» сөзжұмбақ шешу. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын ашу. «Ананың қасиеттерін» топ арасында жазу, топтастыру, айту.
Мәтінмен жұмыс (Джигсо әдісі бойынша төрт топ мәтінді тұтас оқып, талдау жасайды.Әр топтан оқушылар шығып мазмұндайды)
Мәтінге жоспар құру (Әр топ мәтін бойынша өздері оқыған бөлікке ат қойып, жоспар құрады және әңгіме кестесін толтырады)
Постермен жұмыс (Оқушыларға берілген қағазға аналарына деген сезімдерін білдіру, қорғау)
Топтық жұмыс «Ананы барлық адамдар неге құрметтейді» тақырыбына эссе жазу.
Тақырыпты қорытып, ойын жинақтау
|
Үйге тапсырма 1 мин
|
Үйге тапсырма бергеннен кейін, күнделіктеріне бағаның қасына қолымды қойып шығамын
|
Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларды қояды, үйге берілген тапсырманы жазып алады.
( үйге деңгейлік тапсырмалар )
|
Рефлексия 1 мин
|
Оқушыларға стикерлер таратылады.
|
Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына жапсырады.
|