Сабақ тақырыбы: Ас атасы нан Сабақ мақсаты: Білімділігі



Дата23.08.2017
өлшемі102,17 Kb.
#24766
түріСабақ
Биржанова Карылгаш Кубайдолловна
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,

4 Хромтау орта мектебінің

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Сабақ тақырыбы: Ас атасы - нан



Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, ойланып әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру, шығармашылық ой қиялын арттыру

Әдіс - тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жандандыру.
Сабақ түрі: Бекіту, саяхат сабақ.
Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақ, сергіту сәті, тиым сөздер, мақал мәтелдер, буклет,

Сабақтың жүрісі:
Шаттық шеңбері.
Бір - біріне деген жылы сөздер арнау.

І. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу.
Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар. (жұмбақ)

ІІ. Мағынаны тану.


Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс.
- Балалар, тақтадағы суретті мұқият зер сала қарай отырып, бидай дәнінен нанның қалай жасалатындығын анықтайық.


1. Жерді жыртады.
2. Дәндер өсе бастайды.
3. Бидайдың сабақтары пайда болады.
4. Оны сушылар не диқандар суғарады.
5. Бидайды орады, бастырады.
6. Машинамен элеваторға тасиды.
7. Диірменге апарып тартады.
8. Машиналар қап - қап ұнды тасиды.
9. Нан илейді. Нан пісіреді.
10. Нан таситын машинамен дайын нанды дүкенге әкеледі.
11. Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде
12. Нан дастарханда.
- Міне, балалар күнделікті жеп жүрген нанымыз осындай ұзақ та қиын жолдан өтіп, біздің диқаншыларға, наубайшыларға, біздің дастарханымызға келеді екен.
Нанға деген құрмет. Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, нанға, диқаншыларға, наубайшыларға деген құрмет сезімдерін білдіреді.

Сергіту сәті. (әуенге салып әндету)
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Тыйым сөздер. Нан туралы қандай ырым, тиым сөздер білесіңдер?
1. Нанды бір қолыңмен үзбе!
2. Нанды жерге тастама!
3. Нанды текке лақтырма!
- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
- Ертегідегі кейіпкерлерді көзбен көргілерің келе ме?
- Бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

Ертегілер еліне саяхат.
«Бауырсақ» ертегісі
(Кейіпкерлер: Атай, әжей, бауырсақ, қоян, аю, қасқыр, түлкі)

- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?
Бүгінгі күнмен байланыс.
- Балалар бүгін аптаның қай күні?
- Жұма күні аналарымыз, әжелеріміз не пісіруші еді?\ шелпек, бауырсақ\
- Шелпек пен бауырсақты неден пісіреді?
- Ұннан тағы қандай тағамдар пісіріледі?

Ас мәзірі.
Ұннан жасалатын тағамдар: нан, бауырсақ, шелпек, бәліш, бөлке, печенье, тоқаш, құймақ, кекс, торт.

Мақал - мәтелдер.
1. Нан қадірін аштықта білесің.
2. Нан болса ән де болады.
3. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

Ой толғау.
Біз не білдік?


1. Нанның бидайдан өсетінін.


2. Нанды қастерлеу керектігін.
3. Ұннан әртүрлі тағам түрлері әзірленетінін.
4. Нан - адамның тіршілік қорегі.
5. Нан - дастарханға еңбекпен келеді.

Қорытынды.

Мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің жас шамаларына байланысты психологиялық даму жолдары
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар. Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.

Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:

  • аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;

  • екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).

Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.

Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.



Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:

  • оқу, ойын, жатын бөлмелері;

  • жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;

  • гигиеналық талапқа сай асхана;

  • сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

  • баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.

Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.

Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:

Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын.

Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.

Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.

Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.

Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.



Қиындықтар:

  • кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық-әдістемелік базаның толық дайындалмауы;

  • мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы балалармен жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіз болуы;

  • мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің аз көрсетілуі.

Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.

Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет. Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет