Қостанай облысы
Қарабалық ауданы
«Новостройка орта мектебі»
Ашық сабақ
Тақырыбы: Автокөлік
Сынып: 6
Пән мұғалімі: М.Т.Калапов
2016-2017 оқу жылы
Қазақ тілі – 6 сынып
Күні: _______________
Тақырыбы: Автокөлік (Жаңа сабағы)
Сабақтың мақсаты: Жер, жер асты, әуе, су көліктері туралы түсінік беру. Жер үсті көліктерінің түрлері: жолаушы, жүк тасымал, арнаулы көліктер болып бөлінетінін түсіндіру.
Дамыту міндеті: Оқу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, көлік түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды көшеде жүру ережелерімен, бағдаршам, оның атқаратын қызметімен таныстыру. Көшеде жүру ережелерін сақтай білугу үйрету.
Көрнекілігі: жолда жүру ережелеріне арналған мазмұнды суреттер, түрлі ойыншық машиналар.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың әдісі; сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, ойын, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
-Сәлеметсіңдер ме!
-Сыныпта кім кезекші!
-Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін аптаның қай күні, жылдың қай мезгілі?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға шашу - сұрақтар таратылады.
Көліктер неше және қандай түрлерге бөлінеді?
Қаланың бір шетінен екінші шетіне қандай көліктер қатынайды? Ол қандай көліктер?
Бүгін тез арада Астанаға жетуің керек, қалай жетесің?
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Кіріспе: Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
IҮ. Жаңа сабақ. Бүгінгі біздің ашық сабағымыз сайыс ретінде өтеді, сондықтан топты мен екіге бөлдім. Бірінші топ «Қырандар» тобы, екінші топ «Алғырлар » тобы, Сайысымыздың басты мақсаты «Білімділер» еліне жету. Ол үшін біз 6 аялдамадан өтуіміз керек.
1. аялдама." Ой шақыру". Сурет бойынша әңгіме құрастыру
2. аялдама. Орнын тап ( Қағазға көліктерді ілу)
3. аялдама. Адасқан сөздер.
4. аялдама. Тест тапсырмаларын орындау
5. аялдама Шағын көрініс көрсету.
6. аялдама Жұмбақ шешу.
Ал екі топқа да сәттілік тілеймін.
1. Көшеде жүру ережелеріне арналған мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрату.
Сұрақ - жауап әдісімен оқушылар білімін толықтыру:
- Балалар, бір қаладан екінші қалаға қандай көліктер арқылы барамыз?
- Қала, ауыл ішінде қандай көліктер қатынайды?
- Адамға көлік не үшін керек? Қандай көлік түрлері бар?
- Ертеде адамдар алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен жеткен?
- Дұрыс айтасыңдар. Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және оларға жегілген екі дөңгелегі бар арбалармен қатынасқан. Кейінірек адамдар двигательді ойлап тапты. Уақыт өте келе көліктің сырт көрінісі өзгеріп, двигателінің қуаты арта түсті. Жерде жедел жәрдем, өрт сөндіруші көлігі, экскаватор, автобус, қар күрейтін машина, бульдозер т.б көліктер жүреді.
«Орнын тап»
Бұлттың астына ауада ұшатын көліктерді, судың астына суда жүретінін, жолдың астына жерде жүретін көліктерді ілейік.
-Балалар, біз шаршаған шығармыз Сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті. Мен заттардың атауын айтамын, егер олар ұшатын зат болса, қолдарыңды көтересіңдер.
Трамвай, кітап, құс, адам, ұшақ, көбелек, терезе, тікұшақ, ара, мысық, үй.
Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастыру.
Темір жолмен трамвай, пойыз жүреді.
Ауамен ұшақ, тікұшақ, зымыран ұшады.
Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.
Біз қаламызда метромыз болғанына қатты қуандық.
4- аялдама. Тест тапсырмалары.
1. Әуе көлік түрін көрсетіңіз.
А) пойыз;
В) тікұшақ;
С) автобус;
Д) трамвай;
Е) такси.
2. Көлік түріне жатпайтынды белгілеңіз.
А) велосипед
В) әткеншек
С) есек
Д) мәшина
Е) түйе
3. «Жаяу» деген сөзбен тіркесе алатын сөзді белгілеңіз.
А) автобус;
В) сыпырғыш;
С) жүргінші;
Д) бағдаршам;
Е) мәшина
4. Жолаушы автобуста не төлейді?
А) салық;
В) жолақы;
С) еңбекақы;
Д) кітап;
Е) сурет
5. Мөлшер үстеуді табыңыз.
А) ертең;
В) біршама;
С) біріңғай;
Д) кеше;
Е) бүгін
6. Қоғамдық көлікті анықтаңыз.
А) такси;
В) тікұшақ;
С) трамвай;
Д) жылқы;
Е) велосипед.
7. Сөйлемді толықтырыңыз. Жүргінші жол жүру ...... білу керек.
А) жолын;
В) тәртібімен;
С) ережесін;
Д) оқу;
Е) есте сақтау.
8. Жүкті кранның ілгегіне ілетін адамды кім деп айтады?
А) такелажшы
В) краншы
С) жүргізуші
Д) ілуші
9. Троллейбусты басқаша қалай атауға болады?
А) «Сымды көлік»
В) «Өзі жүретін»
С) «Электрлі көлік»
Д) «Ұшатын көлік»
Шағын көрініс көрсету.
І топ. Жүргізуші автобус айдайды. Аялдамаға тоқтағанда әже отырады.
Бала оған орын бермейді. Сенің айтар ақылың........
ІІ. Топ. Жол үстінде бір топ балалар футбол ойнап жатыр. Сен автобус жүргізушісің, сенің балаларға айтар ақылың......
Жұмбақ шешу.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен (полиция инспекторы)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»
-Өте жақсы, балалар! Ал енді әділқазылар жеңімпаздарды анықтағанша біз «Дауысынан тап» ойынын ойнайық.
Үнтаспадан көлік түрлерінің (пойыздың гудогі, ұшақтың, кеменің, жылқының, тікұшақтың, мотоциклдің) дыбыстары естіледі. Балалар қандай дыбыс естігендерін қайталап, қандай көлік түрінің дыбысы екендігін табады.
Сабақты қорыту. Оқушылар білімдерін салыстыра бағалау, мадақтау.
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма сендерге балалар? Біз бүгін не үйрендік, не білдік?
Үйге тапсырма: жұмбақтар жаттау, эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |