Уақытты жоспарлау
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
( оқыту мақсатына қалай жетемін?)
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Бағалау
(не және қалай екенін жазу)
|
Дифференциациялау тәсілдері
(не және қалай екенін жазу)
|
Сабақтың басы (5мин.)
|
«Миға шабуыл»
Тақтаға сабақтың тақырыбы хабарланады.
Оқушылармен бірігіп тақтаға бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты бағалау критерийлерін құрастырады.
Сабақтың басында оқушылардың танымдық қызуғышылығы мен психологиялық ыңғайлануын арттыру үшін Қазақ халқының тұрмыстық заттары ұсынылады (презентация) Мысалы, қазақ қолөнер түрлері:
Қазақ киімдерінің түрлері
Зергерлік бұйымдары
Металдан жасалған бұйымдары мен құралдары
Ағаштан жасалған бұйымдары мен құралдары
Кигізден жасалған мүліктер
Шаруашылық және тұрмыс құралдары т.б.
|
Оқушылар өздері мұғаліммен бірлесе отырып сабақтың тақырыбына байланысты критерийлерді құрастырады. Оқушылар тақтаға шығып өздері мақсаттарын жазып шығуға болады.
|
Оқушылар критерийлерді құрастыра алуын бағалау. Оқушылар бағалау критерийлерді өздері орындарында ауызша ұсына алады. Артынан тақтаға белгіленеді.
|
Барлық оқушы- бағалау критерийлерін құрастыра алады
Бірнеше оқушы- сұрақтар қойып оған жауап іздеуі мүмкін
Кейбір оқушылар - мысалдар келтіреді, сұрақтарға жауап береді, қасиеттерін анықтайды
|
Негізгі бөлім(30 минут)
|
Топтағы жұмыс:
Оқушыларға Қазақ халқының тұрмыстық заттарының түрлері мен тиімділігі жағын бірқатар сұрақтарды қарастыру арқылы зерттеуді ұсыну. Постер жасау.
Қазақ халқының тұрмыстық заттары дегеніміз не екенін талқылаңыз:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз қалай ойлайсыз, тұрмыстық заттардың мақсаты/мәні неде?
Қолөнер арқылы белгілі бір дағдыларды дамытуға болады ма? Қандай?
қолөнердің қандай түрлерін білесіз?
Сіздің ойыңызша, ең алғашқы қолөнер түрі қашан пайда болған?
Қазақ халқының тұрмыстық заттары немен ерекшеленеді?
Тұрмыстық заттардың қандай қызметтері болуы мүмкін?
Қазақтың қандай ұлттық қолөнер түрлерін білесіздер?
Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
Қандай мысалдар келтіре аласыздар?
Мәдени шығу тарихы туралы не білесіздер?
Қолөнер мен дизайн ерекшеліктері туралы не білесіздер?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарының тарихи-мәдениет аспекті жағынан зерттеңіздер. Қолөнердің ерекшелігіне мәдениет пен дәстүрдің негізгі ықпалын айрықша басып айту.
Қазақ халқының тұрмыстық заттары тарихи аспектілерін зерттеуді топтық жұмыс арқылы өткізу ұсынылады.
Тұрмыстық заттардың тарихын зерттеу барысында танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқушыларға қызметтің бұл түрін зерттеу түрінде өткізу ұсынылады.
|
Оқушылар талқылауға арналған сұрақтарды зерттейді, сол сұрақтарға байланысты жауап іздейді, ерекшеліктерін ажыратады
|
Бағалау (өзара, өзін-өзі) «Аялдама» стратегиясы»: әр топ сағаттың тiлi бойынша басқа топтардың постерiн оқиды, толықтырады, өздерiне қосымша мәлiмет алады.
|
Барлық оқушы- зерттеу жұмысын орындай алады
Бірнеше оқушы- Мәселені топта талқылайды
Бір біріне сұрақ қояды
Кейбір оқушылар- Қысқаша тұжырымдық жазба жазады
|
Сабақтың соңы (5 минут)
|
Рефлексия
(стикерге жазу). Стикерге бүгінгі сабақта не үйренгенін, неден қиналғаны, т.б. туралы жазады.
|
Оқушылар сабақ барысында ұнаған сәттерін және қиыншылықтармен кездескен кездері жайында стикерге жазады немесе ауызшада айтып беруге болады.
|
Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін ескеріп, өзін-өзі бағалайды.
|
Келесі сабақта нені ескеруге болады сол туралы сұрақ қоюға болады.
|
Өткен сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы
|
|