«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып
Жаңа сабақ. Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз 3 бөлімнен тұрады. (Білемін бөлімі. Білдім бөлімі. Білгім келеді)синтаксисті қайталауға арналған жаттығулар болғандықтан, синтаксистен өткен материалдарды еске түсіріп алайық. I. “Білемін” бөлімінде: Өткен тақырыптарға шолу сұрақтар мен топтық жұмыс (сөз тіркестеріне талдау болады). (10-минут) Сұрақтар. 1. Синтаксис қандай сала? Синтаксис- сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. 2. Сөз тіркесі дегеніміз не? Сөз тіркесі-кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуын сөз тіркесі дейміз. 3. Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата! 1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады. 2. Өзара грам-лық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады. 3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді. 4. Сөз тіркесінің түрлерін ата! Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі ж/е етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі д/з- басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. Мысалы: жаңа киім. Етістікті сөз тіркесі д/з- басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Мысалы: жел соқты. 5. Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық қатынасын ата! Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық қатынасы мыналар: Анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас, пысықтауыштық қатынас. 6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата! Сөйлемдегі сөздер 4 түрлі тәсілмен байланысады. 1. Қосымша (жалғаулар) 2. Шылау. 3. Орын тәртібі. 4. Интонация. (дауыс ырғағы) 7. Сөздердің байланысу түрлерін ата! Сөздердің байланысу түрлерінің 5 түрі бар: 1. Қиысу 2. Матасу 3. Меңгеру 4. Қабысу 5. Жанасу Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін, үш топқа сөз тіркестерін байланысу тәсілдеріне қарай талдау. Топтық жұмыс. Сөз тіркестеріне талдау. (5-минут ) 1 топқа: Ғалымды көрсеңіз- кімді көрсеңіз?-бағыныңқы сөз(ғалымды) басыңқы сөзге (көрсеңіз) бағына байланысқан, толықтауыштық қатынастағы етістікті меңгеру, тура объект мәнін білдіріп тұр. 2 топқа:Тағы ой салды- қашан ой салды? Орын тәртібі арқылы байланысқан жанасу, пысықтауыштық қатынаста мезгілдік мәнді білдіріп тұр, бағыңқы сынары(тағы)-үстеу, басыңқы сыңары (ой салды)- зат есім мен көмекші етістік. 3 топқа Бұлардың жағдайларын-кімнің жағдайларын?-меншіктілік-қатыстық мәндегі матаса байланысқан есімді сөз тіркесі, басыңқы сыңардағы тәуелдік жалғауы (жағдай-лар-ы-н)мен бағыныңқы сыңардағы ілік септік жалғауы (бұлар-дың) арқылы байланысқан. (топтық жұмыстарын тақта алдында тексеру. Әр топтан бір оқушыдан шығады) II. “Білдім ” бөлімінде І. Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »
Оқушылар сергіп, демалады
Шығармашылық жұмыс
ІІ.Семантикалық кестемен жұмыс. 1. Синтаксистік қатынас түрлері.
2. Сөздердің байланысу түрлері.
IIІ. “Білгім келеді” бөлімінде Деңгейлік тапсырмалар: I – деңгейге: Сөйлем мүшелеріне талдау. II – деңгейге: Сөйлемнен сөздердің байланысу тәсілдерін табу. III – деңгейге: Шығармашылық жұмыс. (Байланысу түрлеріне Сөйлем құрау) Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес-алты адам тағы жер қазып жатыр. Сабақты бекіту:
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
Үйге тапсырмасын беру
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау
Формативті бағалау
Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру
«Екі жұлдыз, бір тілек »
Уақыты:
Қазақ тілі
Мұғалім:
Сынып:
Сабақ тақырыбы:
Диалог
Жалпы мақсат:
Тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге (жобаларға) сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектесу. Оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді қарастыру.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі:
Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.