Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат Жалпы мақсат


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет26/36
Дата11.01.2017
өлшемі3,69 Mb.
#7491
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.




Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

3. Жаңа сабақ.
А) Слайд арқылы берілген сөздердің мағынасын ашыңдар.
Алтын асықтай
Құлақ асты
Жұлдызы жанды

Талдау сұрақтары: - Сөздер қалай тіркескен?
- Сөздердің орнын ауыстырып айтып көр. Не аңғаруға болады?
- Әрбір берілген тіркестің мағынасын ашып көріңдер.
Тұжырымдау. Оқушыларға тұрақты тіркес туралы ережені өздеріне тұжырымдату. Демек, тұрақты тіркестер дегеніміз – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесі.

Өзіндік белгілері қандай?
1. Тұрақты тіркеске тән мағына құрамындағы сөздердің жеке мағынасына сәйкес келе бермейді. Мысалы: жүрек жұтқан, тақиясына тар келу.
2. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орны тұрақты. Тепсе темір үзетін (темірді тепсе үзетін деуге келмейді немесе тепсе болат үзетін емес).
3. Тұрақты тіркестердің де синонимі не антонимі болады. Мысалы: кірпігі айқаспады - көз ілмеді. Ит өлген жер - таяқ тастам жер
4. Олар сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады, ойды әсерлі жеткізеді. Мысалы, Айдар өзінен кішілерге қол ұшын беруді әдетке айналдырды. Осындағы қол ұшын беруді нені? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Балалар, тұрақты тіркестер орыс тілінде де кездеседі екен. Тақтаға назар аударып, салыстырайық.

Тұрақты тіркесті тіліміздегі басқа тіркестерден қалай ажыратуға болады? Ол үшін кестеге назар аударайық.

Синтаксистік тіркес
● Сөз тіркесі

Есімді сөз тіркесі → Сан есім, Сын есім, Есімдік

● Күрделі тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады

Зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, негізгі сөз, көмекші сөз

● Тұрақты тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады

Тұрақты, бір - біріне сұрақ қоюға болмайды

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар сергіп, демалады



Шығармашылық жұмыс


Шығармашылық жұмыс. 1. Төмендегі сөздердің синонимдерін тұрақты тіркеспен беріңдер.
Сыйлау, тез, әділ, қуану, тыныш, тамақ ішпеу, алдап кету, әдемі, таза.
2. Тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашыңдар және сөйлем құраңдар.
5. Білімді бекіту.
Кубизм әдісі арқылы.
1. Сипатта. Тұрақты тіркеске түсінік бер.
2. Суретте. Тұрақты тіркестің өзіне тән белгілерін айт.
3. Зертте. Тұрақты тіркес тіл білімінің қай саласына жатады?
4. Салыстыр. Орыс тілінде тұрақты тіркес туралы не айтады?
5. Қолдан. Кім тұрақты тіркестерді көп біледі?
6. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



Үйге тапсырмасын беру

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары . Анықтауыш-тық қатынас

Жалпы мақсат:

1. Білімділік: синтаксистік қатынастарды, анықтауыштық қатынасқа байланысты оқушылардың білімдерін тиянақтап , нығайту. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
2. Тәрбиелік: оқуышларды ұлттық дәстүрлерді бағалай білуге, халқын, салтын сүюге шақыру. Өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: сөйлеу тілдерін қалыптастырып, жұмыс жүргізулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, түрлі әдістер арқылы шығармашылық біліктерін арттыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.





Каталог: uploads -> doc -> 0db8
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db8 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру Ситуациялық жағдай туғызу. Ағаштар жайлы әңгіме
0db8 -> Сабақ тақырыбы: «Координаталық түзудегі нүктелердің ара қашықтығы.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет