Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл 1-сағат Жалпы мақсат


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет34/36
Дата11.01.2017
өлшемі3,69 Mb.
#7491
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.




Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

1-топқа

Пікір — ойлау формасы.

Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды керсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мынакітап қызықты емес" дейміз. Затта әр белгінін; бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасындапайымдалады. Сөйтіп, пікір дегеніміз — заттар, белгілер немесе зат пен оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде) бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделірек келеді, өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді.

2-топ

Пікірдің тіл формасы сөйлем болады. Бұл екеуі мазмұн мен форма сияқты байланысшы болғанымен, екеуі тең емес. Пікір мен сөйлемнің тең еместігі бірнеше жағдайлардан байқалады. Біріншіден, қандай да болса пікір сөйлем бола алмайды. Пікір тек хабарлы сөйлеммен баяндалады, сұраулы және қозғаушы сөйлемдер пікір бола алмайды, өйткені оларда пікірдің ең басты белгісі жоқ — құбылыстар арасындағы байланысты терістеуші не қозғаушы сөйлем жоқ.



1. Басталды жаңа ғасыр.

2. Батырмен жүргендейміз көкте.

3. Сұлулыққа ғашықпынмен.

4. Түнейтін ел осы ма Жер дегеніміз?

5. Жаңғырық жеті атаңды ояткандай!

6. Өлімнен күшті келген ұят қандай!

7. Неліктен жарық жұлдыз ұран бізге?

Мұндағы 1, 2, 3 — пікір, хабарлы сөйлем. 4, 7— пікір емес, сұраулы сөйлемдер. 5, 6 — пікір емес, лепті сөйлемдер. Екіншіден, сөйлем мен пікір құрылымы тең болмайды. Оның логикалық талдауы ойдың затын, оның сипаттамаларын және табылған ұғымдардың қатынасын атап көрсетуін ұйғарады. Шық қандай алғаш рет шаранадан, Үзіліп шықты-ау адам Жер-Анадан. Ойдың заты — адам. Ойдың заттының сипаттамасы — "үзіліп шықты-ау". Ал бұл сөйлемнің грамматикалық талдауы мүлдем басқаша болады. Үшіншіден, сөйлемнің нақтылы бөлгіленген бөлшектері болып саналатын бастауыш-баяндауышпен салыстырғанда, субъект предикаты пікірдің бөлшектері — логикалық екпінге тәуелді болатыны байқалады.



Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар сергіп, демалады



Шығармашылық жұмыс


Өз досыңның бүгінгі орындаған тапсырмаларына пікір жаз.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



Үйге тапсырмасын беру

Пікір үлгілерін іздестіру

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет