Сабақ тақырыбы Қазақстанның білім беру жүйесіндегі прогрессін басқа елдермен салыстырмалы талдауы



Дата25.08.2017
өлшемі438,87 Kb.
#26907
түріСабақ


Кульбаев Алтынбек Кәрімұлы

Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев

зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі прогрессін басқа елдермен

салыстырмалы талдауы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

12.2 С бөлім Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени қатынастар




Сабақ тақырыбы

Қазақстанның білім беру жүйесіндегі прогрессін басқа елдермен салыстырмалы талдауы.

концепт

маңызыдылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар білім беру саясатын зерттейді. Білім саясатының қажетілігі талданады және болашақ мүмкін трендтер анықталады. Ол білім беру прогрессін ең жақсы баға беру критерийлерін кіріктіреді. Критерийлер анықталғаннан соң, Қазақстандағы білім берудегі даму жетістіктері сарапталып, басқа екі мемлекетпен салыстырылады.

Сабақ мақсаттары

Қазақстанның әлеуметтік және білім беру жетістігін басқа мемлекеттермен салыстыру

Жетістік критерийлері

Әртүрлі форматтағы мәліметпен жұмыс істеу және оны тиімді бағалау.




Оқушылар: сыныпта қазіргі әлеуметтік және мәдени саясаттың күшті және әлсіз тұстары туралы пікір таластырады және болашаққа ұсыныстар жасайды (сөйлеу және тыңдау дағдылары).

-әлеуметтік және білім беру прогресін жинау және сараптаудың ең жақсы әдістері, сонымен қатар сәйкес критерийлер бойынша талдаудан кейін жазба жазады (тыңдау және жазу дағдылары).

-топтарда, дамуды өлшеудің ең жақсы критерийлерін талқылайды және анықтайды (сөйлеу дағдысы).

- Басқа мемлекеттер мен Қазақстанның көрсеткіштерін жинап салыстырады, және елдің білім беру мен әлеуметтік прогрессіне баға береді.



Пәнге қатысты лексика мен терминология әлеуметтану, топтық қатынастар, әлеуметтік және мәдени топтар, әлеуметтік және мәдени мәселелер, көп-мәдени әлеумет, ұлт, қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндықтар, ұйғырлар, татарлар, немістер, мемлекет бағыты, әлеуметтік және мәдени саясат, мәдени интеграция, саяси перспектива, жинау, сараптау, мәліметті қорыту, мәлімет, сараптама, әдіс, критерийлер, дәлелдер, сандар, қолдану, болжамдар, қажеттіліктер, аудитория, анықтау, мақсаттар, өлшеу, өлшем, құралдар, сәйкес, сәйкес емес орынды, орынсыз, басталу/аяқталу мерзімі, басталу/аяқталу жері, басымдылықтар, басымдылық беру, инвестиция, прогресс, басталу жерлері,салыстырмалы айырмашылықтар, әртүрлі басымдылықтар

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: сыныпта қазіргі әлеуметтік және мәдени саясаттың күшті және әлсіз тұстары туралы пікір таластырады және болашаққа ұсыныстар жасайды (сөйлеу және тыңдау дағдылары).

-әлеуметтік және білім беру прогресін жинау және сараптаудың ең жақсы әдістері, сонымен қатар сәйкес критерийлер бойынша талдаудан кейін жазба жазады (тыңдау және жазу дағдылары).

-топтарда, дамуды өлшеудің ең жақсы критерийлерін талқылайды және анықтайды (сөйлеу дағдысы).

- Басқа мемлекеттер мен Қазақстанның көрсеткіштерін жинап салыстырады, және елдің білім беру мен әлеуметтік прогрессіне баға береді.



Пәнге қатысты лексика мен терминология әлеуметтану, топтық қатынастар, әлеуметтік және мәдени топтар, әлеуметтік және мәдени мәселелер, көп-мәдени әлеумет, ұлт, қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндықтар, ұйғырлар, татарлар, немістер, мемлекет бағыты, әлеуметтік және мәдени саясат, мәдени интеграция, саяси перспектива, жинау, сараптау, мәліметті қорыту, мәлімет, сараптама, әдіс, критерийлер, дәлелдер, сандар, қолдану, болжамдар, қажеттіліктер, аудитория, анықтау, мақсаттар, өлшеу, өлшем, құралдар, сәйкес, сәйкес емес орынды, орынсыз, басталу/аяқталу мерзімі, басталу/аяқталу жері, басымдылықтар, басымдылық беру, инвестиция, прогресс, басталу жерлері,салыстырмалы айырмашылықтар, әртүрлі басымдылықтар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

(Қазіргі әлеуметтік және мәдени саясат) негізгі мықты/әлсіз тұстары

Болашаққа ұсыныстарға … кіреді

Мемлекет… алар еді / тиіс

Егер ..., көбірек мәдени интеграция қажет болуы мүмкін.

Саясаттың мемлекеттік бағытын жақтайтын да, даттайтын да жақтар бар…

Әлеуметтанушылар жиі келіспеуі мүмкін; бұл олардың саяси перспективаларына тәуелді.

... ең жақсы әдістер, себебі…

(Өлшем қажеттіліктері/құралдары) анықталды/басымдылық берілді.

(Сұрақтар/критерийлер/өлшем құралдары) түсінікті.

Бұл жерде қолданылған критерийлер орынсыз…

Егер басталу мерзімі он жылға шегерілген болып өзгертілсе, мүлдем басқа көрініс болар еді …

Мұнда мәліметтерді қолдану дәлелдері бар…

Бұл сандар нақты көрініс бермейді …


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы негізінде оқушылардың бойында отансүйгіштік; әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін терең академиялық білім беру; өзіндік ізденіс пен өз бетімен білім алу қабілеттерін тұрақты қалыптастыру; көшбасшылық; ұлттық сана – сезім; азаматтық жауапкершілік; топта және өз бетімен тиімді жұмыс жасай білу; үш тілді еркін меңгеру; әлемде еркін әлеуметтенуі қамтатамсыз ететін қөзқарас қалыптастыру; физикалық, психологиялық және рухани тұрғыда даму

Пәнаралық байланыстар

Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны тақырыбы география, дүниежүзі тарихы, статистика, экономика мен пәнаралық байланыста болады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақта арқылы слайдтармен жұмыс жасайды

Бастапқы білім


Қазақстандағы әлеуметтік реформалардың жағдайын, саясатын біледі

Жоспар:

Уақытты

жоспарлау



Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар:

Дерек көздері

Басы

Ортасы


Соңы

I.Ұйымдастыру: амандасу-түгендеу, «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушыларды 3 топқа топтастыру.

«Миға шабуыл әдісі» қолдана келе, оқушыларға слайд көрсетіледі және келесі сұрақтар қойылады:

Тапсырма1.

Сұрақтар:



  • «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін замандеп баса айтқан сөзі нені меңзейді?.

  • Адами капиталдың қалыптасуына әсер ететін факторларды атаңыз?

Оқушылар бұл сұрақтарды топтарда талдап жауап береді.

Содан кейін олар сабақтың оқу мақсаттары және жетістік критерийлерімен танысады




Оқу мақсаты

Әртүрлі форматтағы мәліметпен жұмыс істеу және оны тиімді бағалау


Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетісітік критерийлерін орындаса оқушы оқу мақсаттарына жетеді

Білу және түсіну, әрі сыни тұрғыдан ойлану

Сенімді көздерден жинақталған әртүрлі мәліметтерді тиімді пайдалану арқылы прогресске сыни көзқараспен баға беру.


Қолдану

Топпен баяндама жасайды және сыныпқа жариялайды

Топпен жұмыс

жасай білу

Топта мәселені талдайды, ортақ пікірге келеді.


Тапсырма 2 Адами капиталдың даму индексі бойынша мемлекеттер арасындағы рейтингілерін көрсетіндер.

Сұрақтар:

1.Кесте бойынша адами капиталдың даму бойынша қай елдер жоғары сатыда орналасып отыр?

2. Сапалы білім берудің қандай критерийлері бар?



Әр топ жоғарыда көрсетілген слайд және сқрақтар бойынша баяндамалар жасайды.



Тапсырма Оқушылар бейнесюжет арқылы ЮНЕСКО-ның әлем бойынша жумысысмен танысады

https://www.youtube.com/watch?v=8cwZwPAXyaA және оларға осы бейнесюжет бойынша келесі сұрақ қойылады:



-Білім сапасына өз әсерін тигізетін факторларды атаңыздар.

Тапсырма. Әлеуметтік эксперимент.

Осы эксперимент бойынша қандай нәтижелерге келуге болады?

Әр оқушыға орыннан тұрмай отырып оралған қағазды картон коробкасынан жасалған қорзинаға дәл түсіріңдер деген тапсырма беріледі. Эксперименттің мақсаты - корзинаға жақын отырған адам ғана қағазды дәл түсіре алатындығына көз жеткізе келе, білім алудағы теңсіздікті көрсету болады. Барлық оқушылар жетісітк критерийлерімен таңыс болғаннын аңғарамыз.



Тапсырма Видеодан мәліметтер жинау.

https://www.youtube.com/watch?v=9rP5mw-YZjI

https://www.youtube.com/watch?v=N4Zp3N2y-1w

Тапсырма Мақалалардан мәліметтер жинау:

Критерийлер:


1.Постердің болуы

2. Топтағы әр оқушының белсенді қатысуы

3. Баяндамалар логикалық себеп-салдар байланыстар негізінде болу керек

4. Барлық аргументтер деректерден алынған дәлелдерге (фактілерге) сүйену керек.

Сұрақтар:

1. Сіздерге ұсынған мәтіндерден білім алу деңгейіне әсер жасайтын қандай факторларды белгілей аласыздар

2. Өмір сапасының деңгейі білімнің дамуына негізгі фактор болып табылады деген пікірмен келісесіздерме?

3. Білім деңгейінің қалыптасуына инвестициялар қандай рөл атқарады?

4. Жастардың санасында «әл-ауқат» ұғымы қалай анықталады?

5. Сіздердің пікіріңізше елдегі білім сапасын көтеру туралы мәселемен нақты түрінде кім айланысу керек? Халықаралық ұйымдар ма, мемлекет пе, кәсіпкерлер ме немесе жеке тұлғалар ма?
Үй жұмысы. SWOT талдау жасаңыздар

Қазақстанның әлеуметтік және білім беру саласындағы жетістігін кем дегенде аймақтағы екі мемлекетпен салыстырыныздар



Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек

Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. - Астана, 2007

История Казахстана: народы и культуры. – Аламты «Дайк-пресс», 2000.


«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалып-тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты www.kisi.kz/img/docs/4822.pdf
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Аяған, Б.Ғ., Әбжанов,Х.М., Махат, Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: оқулық. –


Алматы, 2010г.

Лапин К.А. Развитие образовательного пространства на территории стран СНГ и ближнего зарубежья // http://vestnik.kuzspa.ru/articles/143/

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ТМД елдеріндегі ұқсас бағдарламалармен салыстырмалық талдау жасау

Д.Омаров. Білім мен саясаттың бір-бірімен байланысы

http://el.kz/ennews/archive
Айғазин Ж.Ж., Төленов Т.Б. Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын сиапттайтын индикаторларларды талдау. А., 2012

/stat.gov.kz/getImg?id=WC16200033919










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады



Саралау оқушылардың проблемалық сұрақтарға жауап берген де, қаншалықты сыни көзқарас таныта біліп, дағдыларын көрсетті, яғни, тапсырманы орындау кезде тек білу және түсіну деңгейінде қалды ма немесе оған қоса білімдерін қолдана білді ме? Сонымен бірге, талдаудың жоғарғы сатысына көтерілген де қаншалықты синтез жасау және бағалау дағдыларын көрсете білді. Тағы да топтық және жеке жұмыс жасағанда жұмыстардың сапасы мен жалпы әр оқушының сабақта көрсеткен белсенділігі де сараланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет