Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары.
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 3 сынып
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
|
Оқу мақсаттары
|
3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету
3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
|
1. Оқушылар бойындағы патриоттық қабілеттілікті ұлттық ойындары арқылы көрсету;
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру;
3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату
|
Бағалау критерийлері
|
Қазақтың ұлттық ойындары патриоттық сезімді оятып, әділдіктің орнауына үлкен әсер беретінін түсініп, оны ойын арқылы көрсетеді.
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін біледі, атауларын атайды және қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын анықтай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқудың тілдік мақсаты
Оқушылар:
Қазақтың ұлттық ойындары білімдерін талқылап көрсету
Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
Әділ ойын ережені сақтау қаншалықты керек?
- Түсіндіріңіз, әділ ойын мен потриатизм мағынасын қалай түсінесіз?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.
Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;
Бір-бірін құрметтеу
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту
Көп жағдайда жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарытамыз. Ұлттық ойындарымыз арқылы ұлттық мәдениетіміздегі құндылықтарды дарытамыз.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ әдебиеті, тарих (қазақ батырларының ұлттық салт-дәстүрді сақтап, елін, жерін қорғап, ұлттық ойындар арқылы атқа мініп, күш, ептілік, шымырлық, батырлық қабілеттерін шыңдаған. )
|
АКТ қолдану дағдылары
|
АКТ қолдану арқылы ұлттық ойындардың ойналу ережелерін оқушыларға көрсету. Компьютер, қалта телефондары, дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану
|
Бастапқы білім
|
Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин.
|
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Бүгінгі сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру. Қыздырыну жаттығуларын орнына көше ойыны «Қуыспақ» ойынын ойнату. Оқушылар 2 минут белгіленген алаңда бір-бірін қуысады. Осы уақыттан кейін олар жұптасады, жұппен бірге ойынды жалғастырады. Яғни, бірге қашады, бірге қуады. Жұпта ажырамаулары тиіс. 2 минут уақыттан кейін ұсталған жұптар бірігеді. Соңында қалған екі жұп жалпы дамыту жаттығуларын орындатқызады.
Оқушылар екіге бөлініп, шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.
|
Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.
Ысқырық, секундомер т.б
|
Сабақтың ортасы
25 мин.
|
«Қазақтың ұлттық ойындарына баулу»
Оқушыларға қазақтың түрлі ұлттық қозғалмалы ойындарын білетіндігін сұрақ жауап арқылы талқылау. Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін, ережелерін ортаға салу. Қандай ойын білетіндерін сұрау.
Тапсырма
«Теңге алу» ойынын ойнау.
Қазақтың ұлттық ойыны «Теңге алу» ойынына балама ойын құрастырып ойнау. Яғни, эстафеталық ойын ретінде екі топты жарыстыра ойнауға да болады. Немесе түрлі әдістер арқылы теңгені алу керектігін түсіндіру.
Бірін-бір арқалау арқылы;
бір аяқты бір қолмен ұстап, бір қолмен теңгені алу т.б
Т еңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін болғандығын оқушыларға айту, түсіндірме жасау. Ертілік дағдыларын қалыптастыруда түрлі әдістермен теңгені алуды үйрету.
Қол күресу. Оқушыларды жұптастырып, қолдың, білектің күшін сынау үшін, жұптармен бірге қол күресіп, жарыстыру. Яғни, екі жұп қарама-қарсы шынтақтарын столға тіреп, алақандарын мықтап ұстайды. Осылайша ұстасқан екі ойыншы мұғалімнің белгісімен, шынтақтарын орнынан қозғамай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады. Бұл ойынды олимпиадалық немесе айналмалы деп аталатын жүйемен өткізуге болады.
|
Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық, шарф көзді байлау үшін, бор. Интернет ресурстарына сілтеме: «Балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындары» http://www.bilu.kz/igry.php
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
«Сабақты қорытындылау»
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
|
Бос кеңістік.
Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
Сабақта оқушыларға тапсырмалар немесе жаттығулар төменнен жоғарыға қарай беріледі.
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз:
Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және ым арқылы бағалау және жаттығуларды орындау
|
Оқушылар ұлттық ойындардағы қозғалыс дағдыларына
арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|