(G) (F) №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі»
Тапрсырма: сутегі, оттегі, азот молекулаларының шар тәрізді модельдерін құрастыру
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Берілген суретке қарап азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіру
Азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіру
Бағалау критерийі:
Найзағай ойнаған кездегі үрдісті түсіндіре алады
Топырақта нитраттар қалай түзілетіндігін біледі
Азот құрамына кіретін кездесетін заттарды біледі.
Топырақтағы байланысқан азот атмофераға қайтадан қалай оралады?
Сурет бойынша соңғы үрдісті түсіндіре отырып, табиғаттағы азот айналымын қорытындылайды
Бейне баян:
Бекіту:Тексеру. Топаралық бағалау
Атмосферадағы бос азот оттекпен найзағай ойнаған кезде қосылып, азот тотығын түзеді, ал жаңбыр суымен қосылып, азот қышқылын түзеді. Ол өз кезегінде топырақта нитраттар түзетіндігін осылайша өсімдікке сіңуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, атмосфералық бос азот айналымға кіреді. Азот түйнек бактерияларында жиналады. Азот қазба отындар құрамында болады. Азот белокты заттардың құрамында болады. Осылайша азот айналымға түседі.
Тікелей азотты ауадан кейбір бактериялар ғана қорытады, қалған организмдер тек қосылыстарын ғана пайдаланады. Минералды тыңайтқыштар аммиак, аммоний тұздары және карбамид топырақ бактериялары арқылы нитраттарға түрленеді, өсімдіктер азотты топырақтан ион түрінде сіңіреді. Адамдар және жануарлар органикалық байланысқан азотты тамақ арқылы сіңіреді. Жоғарғы организмдерде азот метаболизмінің соңғы өнімі карбамид (несепнәр) болады. Ауадағы бос азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады. Мысалы, ағаш, шымтезек, таскөмірді жаққанда, органикалық заттар шірігенде атмосфераға азот бөлінеді. Топырақта тіршілік ететін кейбір бактериялар да ауа жетіспейтін жағдайда нитраттардан оттекті өзіне тартып, атмосфераға бос азотты бөледі.
Қосымша тапсырма:Азот қосылыстары, қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсері ( пайдасы мен кері әсері )
Оқушылармен азот оксидтері және олардың физикалық қасиеттері мен түзілу процестерін қарастырамын.
Оқушыларға сұрақ беру:
азот оксидтерінің қоршаған ортаға оң және теріс әсерлері бар ма? (оқушылар өз жауаптарын ұсынады). Мұнда оқушылар отынның жануы және химиялық өндірістердің нәтижесінде азот оксидтерінің түзілетіндігін, олар өз кезегінде сумен әрекеттесіп, қышқыл жаңбырды туғызатынын және олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін талқылайды.
2. Презентация бойынша бірнеше металл нитраттарын қарастыру. Оқушыларға сұрақ беру: Бұл заттардың арасында қандай ұқсастық бар? (оқушылар биология курсынан сілтілік металдардың нитраттары селитралар деп аталатындығын естеріне түсіреді). Азот өсімдіктерге неліктен қажет? (оқушылар азоттың ақуыз құрамына кіретіндігін және топырақты тыңайтатындығын түсіндіреді). Егер тыңайтқышты артық мөлшерде қолданса, қандай жағдайлар орын алады? (оқушылар нитраттардың адам ағзасына теріс әсерін айтады)
3.Сілтеме бойынша видео көрсетемін:
https://twig-bilim.kz/film/pollution-water-5553/
Азоттың табиғаттағы айналымын қарастырады, биохимиялық процестер: шіру немесе аммонификация; нитрификация; денитрификация; атмосферадағы азоттың фиксациясы.
Материалды эвтрофикация процесіне анықтама берумен аяқтаймын. Эвтрофикация дегеніміз минералды иондардың суда жиналуы, соның арқасында балдырлардың көбеюі . Бұл оттегінің төмендеуіне, судағы флора мен фаунаның өлуіне әкеледі. (анимацияны тамашалау)
Осы материалдарды меңгергеннен кейін төмендегі сұрақтар қойылады:
Ауада азот мөлшерінің не себептен көп?
Азот неге енжарлы болып келеді?
Азоттың қандай қосылыстары бар?
Оксидтік қосылыстарынның формуласын жазыңыздар.
Экологияға әсер ететін оксидтердің формулаларын және әсер ету түрлері.
Азот айналымы жөніндегі көрсетілген ресурсқа сілтеме:
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_pre_2011/chemicals/biocompoundsrev4.shtml
Динамическая таблица Д. И. Менделеева Бейнетаспа https://www.youtube.com/watch?v=3ky0_7CVTx4#t=29
Бейорганикалық қосылыстардың шар тәрізді модельдері коллекциясы
эфтрофикация процесі жөніндегі видео:
http://www.youtube.com/watch?v=UGqZsSuG7ao
|
Сабақтың соңы
75-78 минут
79-80 минут
|
Рефлексия жүргізу:
Нені білдім, нені үйрендім...
|
Нені толық түсінбедім...
|
Немен жұмысты жалғастыру қажет...
|
|
|
|
Үй жұмысы: Азот жалпы сипаттама, электрондық құрылымы.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалдымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
зертханада қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтермен қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігін барлық оқушылар жақсы түсінеді
азоттың периодтық кестеде орналасуына сипаттама бере алады, дегенмен уақытты ұтымды пайдаланбау салдарынан
азот молекуласының құрылысын уақтылы бейнелеп үлгермеді
кейбір оқушылар ғана үштік байланыстың салдарын түсіндіре біледі және азотқа қарап фосфорға болжам жасай алады
|
Әңгіме-сұхбат барысын оқушылар:
Ақ шағын тақтаға бірін-бірі бағалайды
(+ немесе -).
Жеке жұмыс барысын:
дұрыс жауабын тақтада көрсете отырып, әрбір оқушыны жеке дара марапаттау арқылы бағалау (қол соғу т. б.).
Сыныппен жұмыс барысын:
оқушылар бір-біріне «Басбармақ» көрсету арқылы
|
Қоршаған орта, тірі ағзаларға азоттың пайдасы мен кері әсерін экология, медицинамен байланыстыра дәйекті мәліметтер келтіру
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылған ба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?
Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?
Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпыбаға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|