Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Менің кітапханам» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз.
Менің кітапханам
Өз кітапханаңдағы заттардың орналасу тәртібін есіңе түсір.
Мектептегі кітапхананың сұлбасын сал.
|
Бұл сабақта оқушылар сұхбаттасу, әңгімелесу, талқылау, пікір таласу арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамытады. Тірек сөздер оқушыларға таныс, сондықтан айтқан кезде қиындық тудырмайды. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырмада тірек сөздермен жұмыс істеу керек. Оқушыларға қима әріптерден тірек сөздер құрауға ойын өткізуге болады. Сонымен қатар тілдік құзыреттілікті дамыту үшін «Қосымша тапсырма» айдарындағы бөлімінде ойындар мен тапсырмаларды беруге болады.
|