Суреттерді салыстыр. Сабақ басталғанда оқушыларға ауызша «мектеп» сөзіне қатысты сөздер тізбегін құру ұсынылады. Оқушылар (жұпта, топта) өз түсінігінде бұл сөзді немен байланыстыратынын ойланып, айтып көрсін. Содан кейін олардың назарын оқулықтағы 1-суретке аудартыңыз. Оқушылар суреттегі көріністі өз мектебімен салыстырады. Бұл салыстыру оқушылардың өз мектебі, оның ерекшелігі туралы көбірек білуі үшін жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылар алғаш оқушы атанғанда/алғаш мектепке барғанда/сыныпқа алғаш енгенде өмірінде қандай өзгеріс болғаны туралы әсерімен бөліседі. Талқылағаннан кейін оқушылар мектеп туралы мәтінді оқып шығуы тиіс.