Қосымшатапсырмалар «Оқушы-мұғалім-ата-ана» арасындағы байланысты жүзеге асыру үшін оқушыларға ата-аналарымен бірге «Сұлба сыз» тапсырмасында үйден мектепке дейінгі жолда кездесетін нысандардың дұрыс орналасқанын тексеруге тапсырма беріңіз (жұмыс дәптері, 12-бет). Байқау жүргізгеннен кейін оқушылар сызған сұлбаларына өзгеріс енгізе алады.
Бағалау
Оқушылар
– «жаяу жүргінші» сөздерінің мағынасын түсінді;
– «қауіпсіз жол» ұғымын түсінді;
– бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы білді.
Оқушылар
– үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды;
– үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды;
– қарапайым бақылау жүргізуді;
– сұрақтар қоюды үйренді.
Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын беруге болады:
Жаяу жүргінші – бұл ....
Мен .... белгісін көргенде, жерасты жолын пайдаланамын.
....түс «өте бер» дегенді білдіреді. Мен ....
көшесінде тұрамын.