Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет25/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Менің бағытым
Үйден мектепке дейінгі жолды есіңе түсір. Сен қандай көшеде тұрасың? Өз жүретін жолыңды сипаттап көр.
Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Оның көмекшісі – бағдаршам.

Анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ қойыңыз: «Машиналар мен жаяу жүргіншілер қозғалысын тек бағдаршамдар ғана реттей алады ма?» Жол қозғалысы белгілері көрсетілген (4) тақташаларды көрсетіңіз, оқушылардан олардың мағынасын түсіндіруді сұраңыз. Бекіту мақсатында «Жауабын тап» ойынын ұйымдастырыңыз. Ойын үшін мұғалімнің үстеліне теріс жағымен қойылатын тақташалар қажет. Санамақ көмегімен оқушыны таңдаңыз және одан төрт тақташаның біреуін алуын сұраңыз. Оқушы қарап, белгінің мағынасын қимылмен түсіндіруі тиіс.



Зертте. Оқушыларға зебра мен көшедегі ала жолақ суретін көрсетіңіз. «Зебра мен жолдың қандай ұқсастықтары бар?» Оқушылардан қажетті жауап ала алмауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда жетелеуші сұрақтар қоюды сұраңыз. Оқушылар түсіне бастағанда «Жаяу жүргінші өтпесі неліктен жолақ етіп жасаған?» деген сұрақты талқылауға болады. Мұғалім адам баласы жол барынша қауіпсіз болуы үшін барлық жағдайдың жасалғаны туралы деген қорытындыға келеді.

Жауабы: Жаяу жүргіншілер өтпесі жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де анық көрінуі үшін жолақ етіп жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет