Сұлба сыз
Үйден мектепке баратын жолыңды еске түсір.
Бос шаршыларға жол бойы байқаған нысандардың суретін ретімен сал.
Үйден мектепке дейінгі жолдың суретін сал. Бұл – сенің бағытың.
|
Бұл сабақтың тірек сөздері барынша күрделі, сондықтан олардың мағынасын оқушылардың жақсы түсінуі маңызды. Олардан «жаяу жүргінші» сөзінің мағынасын сұраңыз. Тақтаға бұл сөзді жазыңыз және оның қандай екі сөзден тұратынын сұраңыз. Оқушылар бұл сөздің «жаяу жүру» деген мағынаны білдіретінін айтады. Осылайша, «қауіпсіздік» және «бағдаршам» деген тірек сөздерді талқылауға болады. Осындай жұмысты ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізуге болады. Мысалы, «бағдаршам» деген сөз «бағдар» (бағыт) және «шам» (бағытты көрсететін шам) деген сөздерден тұрады. Бұл жағдайда сөздерді құрамы бойынша талдау оқушыларға есте жақсы сақтауға мүмкіндік береді.
|