Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні


Тапсырма топтар бойынша беріледі



бет30/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Тапсырма топтар бойынша беріледі. Мұғалім топтарға бөлуді былайша ұйымдастыра алады. Парақтарға тірек сөздерді (кітапхана, асхана, дәрігер бөлмесі) жазыңыз, оқушылар парақтарды таңдайды, оқиды және бөлмелерді атауы бойынша біріктіреді. «Кітапхана» тобы сұлбадан кітапхананы табады. Келесі топ – асхананы, ал үшінші топ дәрігер бөлмесін табады. Бұдан әрі мұғалім оқушыларға саяхат кезінде сұлбаны пайдалану тәсілдерін үйретеді. Бөлмелерге апаратын қысқа жолдарды табуға, ондағы адамдар мен заттарды анықтауға, оның неге арналғанын түсіндіруге тапсырма береді. Оқушылар мектеп сұлбасын алып, мұқият қарайды. Саяхат кезінде дәрігер бөлмесіне ерекше назар аударылады. Мұғаліммен бірге кабинеттен шығады. Саяхаттан кейін оқушылар жұмыс дәптерінде «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасын орындайды.



Біздің мектепте қандай бөлмелер бар және олар неге арналған?» деген сұраққа жауап алудан бастасаңыз болады. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Содан кейін олардан 1-суретке қарауын және суретте қандай бөлмелер бейнеленгенін, неге арналғанын және қайда орналасқанын айтуын сұраңыз. Суреттеген кезде оқушылардың «сол жақта», «оң жақта», «ортасында», «төменгі жақта», «жоғары жақта», «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда», «жанында» және т.б. сөздерін дұрыс қолданғаны өте маңызды. Тапсырма қызықты болуы үшін «Көз алдыңа елестет» ойынын өткізуге болады.

Мектепте көптеген бөлмелер бар. Бұл – асхана, кітапхана, дәрігер бөлмесі. Әр бөлме белгілі бір қажетке арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет