Математика. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда»
ұғымдарын қайталайды.
Жаратылыстану. Оқушылар нысандарды бақылап, тиісті тұжырым жасауға үйренеді.
Өнер. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасы орындауға беріледі. Бұл тапсырмада оқушылар мектептегі өзіне ұнайтан жерлердің суретін салады.
Қосымша тапсырма ретінде жұмыс дәптеріндегі 1- «Лабиринт» тапсырмасы орындауға беріледі. Оқушылар лабиринтте қарындашпен сызық жүргізу арқылы барлық заттарды тиісті бөлмелерге апаруы тиіс. Бұл тапсырманы сыныпта да орындатуға болады. Себетке бірнеше заттар салынады. Оқушы олардың кез келгенін таңдайды, мысалы, градусник. Бұл заттың атауын айтып, оны «Дәрігер бөлмесі» деген жазуы бар үлестірме парақшалардың жанына қояды.
Оқушылар
– асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің мектептің қай жерінде орналасқанын;
– бұл бөлмелер неге арналғанын;
– дәрігер бөлмесінде қандай заттар бар екенін білді.
Оқушылар
– асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің орналасқан жерін мектептің сұлбасынан анықтауды;
– қарапайым бақылау жүргізуді;
– бұл бөлмелерде өздерін дұрыс ұстай білуді үйренді.
Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Суреттерді дұрыс таңда» тапсырмасын ұсынуға болады. Бірқатар заттардың суреттері (парта, тақта, кесе, қасық, дәрігер халаты, кітап сөресі және т.б.) және үш бөлменің (кітапхана, асхана, дәрігер бөлмесі) атаулары беріледі. Оқушылар суреттерді бөлмелердің атауларымен сәйкестендіруі және бұл бөлмелердің не үшін қажет екенін айтуы тиіс.