Математика. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда»
ұғымдарын қайталайды.
Жаратылыстану. Оқушылар нысандарды бақылап, тиісті тұжырым жасауға үйренеді.
Өнер. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасы орындауға беріледі. Бұл тапсырмада оқушылар мектептегі өзіне ұнайтан жерлердің суретін салады.
|
Бұл сабақта тірек сөздер әр оқушы үшін үш тілде үлестірме парақшаларға жазылады. Осы үлестірме парақшалар бойынша топтарға бөлінеді. Сонымен бірге «Жұбын тап» ойынын ұйымдастыруға болады. Бүкіл сынып бойынша әр жерде сынып бөлмелерінің суреттері және бұл бөлмелердің әр тілде жазылған атаулары ілінеді. Оқушылар суреттерге қатысты сөздерді табуы тиіс. Бұл тапсырманы сергіту жаттығуы ретінде қолдануға да болады, себебі бұл ойын кезінде оқушылар үнемі қозғалып жүреді.
|